Арман Қашқынбеков – Қазақстандағы Жаңартылатын энергия қауым-
дастығын басқарады. «КонокоФиллипс», «АрселорМиттал», «Роллс-ройс
Энерджи», «Энзен» сияқты қазақстандық және шетелдік компанияларда
басқару тәжірибесі бар. Қашқынбеков мырза «Шетелдік инвесторлардың
қазақстандық кеңесі», «КазЭнерджи» секілді елдегі көшбасшы қауымда-
стықтарды да басқарған. Экономика магистрі дәрежесі бар (Вандербилт
университеті) және экономика бакалавры (Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ).
***
Доктор Дитхард Рудерт 2014 жылдың 1 наурызынан бастап Германия-
ның Тамақтану және ауыл шаруашылығы министрлігінің екіжақты ынты-
мақтастық бағдарламасы аясындағы «Қазақстан- Германия аграрлық- саяси
диалог» жобасының жетекшісі болып табылады. 2009 жылдан бастап IAK
Agrar Consulting ЖШҚ-ның халықаралық консалтинг бөлімінің бастығы
қызметін атқарған кезден жобаны үйлестіруге жауапты. Доктор Рудерттің
инженер- агроном дипломы бар. Германияда және шетелде консультант
ретіндегі қызметіне дейін Лейпциг университетінің ғалымы және оқыту-
шысы болған.
***