Нұрлан Байғабылов әлеуметтану ғылымдарының PhD докторы, Л. Н. Гуми-
лев атындағы ЕҰУ Әлеуметтану кафедрасының доценті. Л. Н. Гумилев.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және республи-
калық жобаларда жетекші тәжірибесі бар.
2017–2018 жылдарға арналған ЮНИСЕФ (БҰҰ) ұлттық жобасының
үйлестірушісі. «Türkiye bursları» халықаралық бағдарламасы бойынша,
докторантурадан кейінгі стипендия иегері (Гази университеті, Анкара,
Түркия), 2018 ж.
***
Нұржан Сыздықов Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің
(Германия) магистратурасын «Техникалық менеджмент және логистика»
мамандығы бойынша «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында
Индустрия 4.0 тұжырымының даму перспективалары» атты зерттеумен
аяқтады. Қазақ- Неміс университеті жанында
Отто-фон- Герике Магдебург
университеті мен Өндірісті ұйымдастыру және автоматтандыру жөніндегі
Фраунгофер институты ұйымдастырған ішкі логистикалық және өндірістік
процестерді автоматтандыру бойынша зертхананы басқарды. Ол Конрад
Аденауэр қорының қазақстандық өкілдігінде үш айлық тәжірибеден өтті,
онда «Дуальды білім беру және цифрландыру» бойынша тренинг жоба-
сын әзірлеуге қатысты.
***