Конрад Аденауэр атындағы Қор


Картоп және көкөніс өндіру



Pdf көрінісі
бет117/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Картоп және көкөніс өндіру
Қазақстан халқының тамақтануындағы бидайдан кейінгі екінші ең маңызды 
өнім – картоп, оны тұтыну жан басына шаққанда жылына 120-дан 130 кг-ға дейін 
құрайды. Картоп шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты (9-сурет) 
Қазақстан қазіргі таңда картопқа өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын және 
сонымен бірге картоп және картоп өнімдерін экспорттайтын көлемге жетті.
9‑сурет. Ашық топырақта картоп, қант қызылшасын және көкөністерді 
өндіру, тоннамен
0
500 000
1 000 000
1 500 000
2 000 000
2 500 000
3 000 000
3 500 000
4 000 000
4 500 000
200020012002200320042005200620072008200920102011201220132014201520162017
Қант қызылшасы
Көкөністер
Картоп
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, 2018 ж.


216
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Климаттық жағдайлар Қазақстанның көкөніске деген сұраныста өз өнімдерін 
қамтамасыз етуді қиындатады. Осыған қарамастан, соңғы жылдары бұл 
мәселені шешу үшін үлкен күш жұмсалды. Бұл шағын шаруашылықтарда 
және ірі көкөніс өсіру кәсіпорындарында көкөніс өнімдеріне де қатысты. 
Вегетациялық кезеңде сұраныс шамамен 1,2 млн тоннаны құрайды. Мұндай 
қажеттілікті өз өндірісімен қамтамасыз етуге болады. Ашық және жабық 
топырақтағы көкөніс пен бақша дақылдарын өсіруде ең маңызды шаруа-
шылықтар оңтүстік және оңтүстік-батыс, сондай-ақ орталық және солтүстік 
өңірлерінде орналасқан, қалалардың айналасындағы аумақтарда және 
қосалқы шаруашылықтарда да өсіріледі. Қызанақ, қияр, баклажан, болгар 
бұрышы, пияз, сарымсақ және жасыл дақылдар барлық жерлерде өсіріледі. 
Қауын тек оңтүстік аймақтарда өсіріледі. Суару өте қажет, бұл көп жағдайда 
гравитациялық суару түрінде жүзеге асырылады. Ірі фермерлер тамшыла-
тып суару сияқты үнемді технологияларды пайдаланады. Қыс мезгілінде 
Қазақстан көкөністі негізінен көршілес оңтүстік республикалардан импорт-
тайды. Импортты алмастыру мақсатында жылыжайда көкөніс өсіру ісі де 
дамып келеді. Егер бұрынғы жылдары осы салада жылыжайды әркім дер-
бес құрылыс түрінде қолдан жасап, өнім алса, қазіргі уақытта заманауи 
жылыжай кешендерінің құрылысына көбірек инвестициялар салынуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет