221
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары
және даму перспективалары
жасанды ұрықтандыру қолданылады, яғни импорттық тұқым да жиі қол-
данылады. Мұнда малды бордақылау және күтіп ұстау шаруашылықтар
мен шағын фермалардан гөрі жақсы жүргізіледі. Орташа сүт сауылымы
жылына 4 200 кг/басты құрайды. Кейбір ірі кәсіпорындарда сүт сауылымы
жылына 7000 кг/басқа жетеді.
Қорытындылар
Қазақстанның аграрлық шаруашылығы үлкен маңызға ие және келешекте
де қарқынды дамуы керек. Дегенмен, республикадағы табиғи жағдайлар,
яғни күрт континентальды климаттың айқын болуына байланысты бұл
оңай емес, алайда аумақтың үлкен болуына байланысты бұл саланың
әлеуеті зор. Қазақстан болашақта әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуде
маңызды үлес қоса алады. Елдің дамуы үшін аграрлық сектордың маңыз-
дылығын өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және экономиканы әрта-
раптандыру ниетінде көруге болады. Әлеуметтік-саяси тұрғыдан жоғары
өнімді ауыл шаруашылығын дамыту ауылдық аймақтардағы қосылған
құн тізбегін құру үшін негіз болып саналады және осылайша өмір сүру
жағдайларын жақсартуға елеулі үлес қосады.
Осындай табысқа қол жеткізу үшін қажетті негіздемелік жағдайларды
қамтамасыз ететін және экономикаға тікелей араласуға алып келмейтін
сенімді аграрлық саясат қажет. Мысал ретінде жер мәселесін шешу және
субсидиялау жүйелерін дәйекті оңтайландыруды алуға болады. Өндірісті
жаңғыртуға бағытталған болашақтағы нысаналы инвестициялар және
ең алдымен оқыту, біліктілікті арттыру және консультациялар беру – осы
жағдайлардың маңызды шарттары болып табылады.