Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет143/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Осылайша:
1) Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай еңбек нарығы құрылды 
және 
 
95 миллионнан астам экономикалық белсенді халық жұмыс істейді. Бұл 
Қазақстандағы еңбек нарығы үшін басты проблема және жұмыссыздыққа 
әсер ететін фактор, себебі төрт Одақ елдерінің азаматтары мен мигрант-
тары үшін тең жағдай қазақстандық азаматтарға, әсіресе жастарға арналған.
Сарапшылардың айтуынша, іс жүзінде бес елден екеуі – Ресей мен Қазақстан 
еңбек мигранттарын алады, ал Армения мен Қырғызстан таза донор 
болып табылады. Белоруссиядан Ресейге еңбек көші-қоны бар, бірақ 
оның мөлшері соншалықты маңызды емес. Ресей Федерациясындағы 
қазақстандық еңбек миграциясы ең төмен
25
.
Сонымен бірге бұл деректер бағаланған, өйткені ЕАЭО-ға мүше елдердің 
ішіндегі жұмыс қозғалысын бөлек жолмен бөлетін статистика жоқ. Сон-
дықтан ЕАЭО Комиссиясы ұлттық органнан жоғары тұратын орган ретінде 
ЕАЭО еңбек мигранттарын тіркеудің бірыңғай ережелерін әзірлеп, еңбек 
көші-қоны мәселелері бойынша статистиканы үйлестірді.
2) ТМД аумағындағы үйлестірілген көші-қон саясаты 135 млн адамнан 
астам экономикалық тұрғыдан белсенді халықты қамтиды. Бұл фактор 
қазақстандағы еңбек нарығына қосымша сын-тегеурін;
3) ЕАЭО шарттық базасы және Еуразиялық экономикалық комиссияның 
институциялық құрылымы еңбек көші-қоны мәселелері интеграцияны 
тереңдету бағытында дамитындығын көрсетеді.
Атап айтқанда, бірыңғай еңбек нарығын дамытудағы келесі қадам –  
бірыңғай зейнетақы кеңістігін қалыптастыру.
25
 ЕАЭО еңбек нарығы және көші-қон. «Казахстанская правда» ресми газет веб-сайты: 
http://www. kazpravda. kz/fresh/view/trudovoi-rinok-eaes-i-migratsiya/.


278
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Осыған орай, еуразиялық еңбек нарығының бірыңғай контекстінде жұмыс-
сыздықты төмендетудің негізгі шарты қазақстандық кадрларды (оның 
ішінде жастарды) оқыту, кәсіптік бағдарлау және миграцияны жеңілдету 
жолымен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекші-ми-
гранттарға есеп беру ережелерін жетілдіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет