Конрад Аденауэр атындағы Қор


ТМД шеңберінде үйлестірілген көші-қон саясаты



Pdf көрінісі
бет142/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   178
ТМД шеңберінде үйлестірілген көші-қон саясаты
ЕАЭО-дан басқа ТМД-да Достастық шеңберінде еркін еңбек қозғалысын 
қамтамасыз ететін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды және 
олар қолданыста, оны елемеуге болмайды.
Мысалы, 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД кеңістігінде көші-қон саясатының 
негізін қалаған және ТМД азаматтарына визасыз режим орнатқан Еңбек 
миграциясы және жұмысшы-мигранттар құқықтарын әлеуметтік қорғау 
саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды
20
. Қазақстан осы 
конвенцияны ратификациялады.
1995 жылғы 26 мамырдағы ТМД-ның Адам құқықтары мен негізгі бостан-
дықтары туралы конвенциясы 
21
 мигранттардың еркін жүріп-тұруына, 
әлеуметтік қорғалуына негізделген.
2008 жылғы 14 қарашада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің еңбекші-ми-
гранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы 
конвенцияға 
22
 қол қойып, еңбекші-мигранттардың құқықтары туралы 
ұлттық режим белгіленді.
2012 жылғы 17 мамырда ТМД елдерінің бірыңғай көші-қон кеңістігі тұжы-
рымдамасы қабылданды
23
.
ТМД мемлекеттерінің басшылары 2015 жылғы 16 қазанда «ТМД-да көші-қон 
процестерін құқықтық қамтамасыз ету туралы» 
24
 шешімді қабылдады. 2015 
20
 Еңбек миграциясы және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынты-
мақтастық туралы келісім (Мәскеу, 1994 жылғы 15 сәуір). Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Кеңесінің 1994 жылғы 8 қыркүйектегі № 147-XIII қаулысымен Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған.
21
 Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттер басшылары Кеңесiнiң «Адамның құқықтары 
және негізгі бостандықтары туралы» Конвенциясы, 1995 жылғы 26 мамырдағы, Минск.
22
 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мигранттар мен 
олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясы, Кишинев 
қаласы. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 235-IV Заңымен 
ратификацияланды.
23
 «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ көші-қон кеңістігі тұжырымдамасы туралы» 
№ 37-8 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық 
Ассамблеясының шешімі. Парламенттің отыз жетінші жалпы отырысында қабылданды. 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясы (2012 жылғы 17 мамыр-
дағы №37-8 қаулысы).
24
 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында көші-қон процестерін құқықтық қамтамасыз 
ету туралы 2015 жылғы 16 қазандағы ТМД мемлекет басшыларының Кеңесінің (Бурабай 
кенті) шешімі. 


277
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
жылдың 
 
16 қазанында ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесі «ТМД-дағы 
көші-қон процестерін құқықтық қамтамасыз ету туралы» шешім қабыл-
дады. Құжаттар еңбек мигранттарының негізгі құқықтары мен бостандықта-
рын реттейтін халықаралық базаны құруды, ТМД-да уақытша жұмысқа 
орналасу үшін азаматтарды ұйымдасқан түрде қабылдау туралы келісім 
жобасын дайындауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет