Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия



Pdf көрінісі
бет170/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия 
Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы 
Шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық 
салалардағы серіктестік туралы келісім – мақсаттар 
мен міндеттер
Германияның шикізат стратегиясын және Қазақстанның шикізаттық сая-
сатын жүзеге асырудың мысалдарының бірі ретінде 2012 жылдың ақпа-
нында қол қойылған осы екі ел арасындағы серіктестік туралы келісімді 
атауға болады. Ол 1995 жылы күшіне енген 1992 жылғы қолданыстағы 
инвестицияны қорғау туралы келісімге және 21.12.1998 жылы күшіне 
енген 1997 жылғы қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімге, 
 
сондай-ақ 2008 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан мен Германия арасын-
дағы Болашақ үшін серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге толықтыру 
болып табылады.
Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым- қатынастар-
дың табысты дамып келе жатқанын және сауда- саттық саласында басым 
болып отырғанын атап өту керек. Германиядан экспорттау 2017 жылға 
14
 https://forbes.kz/process/expertise/obzor_klyuchevyih_polojeniy_novogo_kodeksa_rk_o_ 
nedrah_i_nedropolzovanii/
15
 https://docs.google.com/viewerng/viewer?url=http://www.akorda.kz/upload/media/files/1f10
37924cdfffa26ebdc7054f3502aa.doc.


330
Қазақстан экономикасының трансформациясы
қарай 17% өсім көрсетті, ал Қазақстаннан импорт 24%-ға артты. Деген-
мен, жетістіктер ең жақсы көрсеткіштерден біршама алыс, мысалы, 2013 
жылы айналым €6,8 млрд 
16
 құрады.
Ең алдымен Қазақстаннан Германияға мұнай, газ, металдар және химия-
лық өнімдер импортталады. Осылайша, Қазақстан Германияға төртінші 
мұнай жеткізуші болып табылады және Еуроодақта 5-орын алады, яғни 
барлық мұнайдың 7%-ын ЕО жеткізеді. Германияның Қазақстанға инве-
стициясы негізінен тауарлық секторда, атап айтқанда, мұнай және газ 
өндіруге бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстандағы инвесторлардың 
арасында Германия 18-орында тұр 
17
. 2017 жылы неміс кәсіпорындары 
Қазақстанға 345 млн АҚШ долларын ғана инвестициялады, ал, жалпы 
алғанда, республикаға салынған неміс инвестициялары 549 млн дол-
ларды құрайды, оның ішінде құрылыс, сауда, инфрақұрылым және химия 
өнеркәсібі секілді экономиканың салалары бар 
18
.
Бұл «шикізаттық» келісімнің басты мақсаты – екі ел арасындағы шикізат, 
өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы экономикалық қатына-
старды тереңдету. Осылайша, Қазақстанның шикізат әлеуетін қолдау 
арқылы, серіктестіктердің екеуінің де тұрақты дамуына, Германиядан 
инновациялық даму мен технологиялар трансфертіне және осы елге 
қажетті шикізатты сенімді жеткізуге жәрдемдеседі.
Қазақстан қаржылық несиелермен байланысты емес инвестициялау 
және экспорттық несиелерді сақтандыру кепілдемесін міндетіне алды. 
Осылайша, Қазақстан Үкіметі мемлекеттік кәсіпорындардың жобаларын 
қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктерді 
ұсынады. Мұндай кепілдіктер ретінде Қазақстанның Даму Банкі немесе 
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ қойылған. Сондай-ақ, келісім аясында қазақстандық 
заңнамасының шеңберінде германиялық кәсіпорындардың елдегі алына-
тын шикізат материалдарына кедергісіз қол жеткізуіне кепілдік беріледі.
Германия үкіметі Қазақстанға экономикалық саладағы басшы қызмет-
керлердің, байланыс орнату кәсіпорындарының дағдыларын жетілдіруге 
және техногендік минералды түзілімдердің шикізат әлеуетін немесе тех-
ногендік минералдық түзілімдердің шикізатын зерттеу және бағалау 
16
 https://www.oaoev.de/kasachstan.
17
 https://www.oaoev.de/sites/default/files/page_files/Kasachstan- Update- Ost- Ausschuss.pdf.
18
 https://www.oaoev.de/kasachstan.


331
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі
арқылы инвесторлар үшін жиынтықты әзірлеуге көмек көрсетуге; ресурс 
тиімділігі және энергия тиімділігі бойынша кеңестер; шикізатты өндіру 
және қайта өңдеу бойынша экологиялық және әлеуметтік стандарт-
тарды енгізу жөніндегі кеңес; индустриалды кластерлерді құру, соның 
ішінде ғылыми- зерттеу институттарын тарту бойынша кеңес беру; екі 
елдің ғылыми- зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастық туралы 
кеңес беру; инвестициялық және инновациялық қызметті насихаттау, 
сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологияларды қамтамасыз ету туралы 
кеңес беруге жәрдемдеседі 
19
.
Ынтымақтастық схемасы Германияның шикізат стратегиясына және оның 
экономикалық саясатына және индустриалды даму жоспарларына және 
елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған Қазақстанды жаңғырту 
мақсаттарына жауап береді.
Бұл келісімге қол қоюға неміс тарапы бастамашылық жасады, бірақ үкімет-
тер мен кәсіпкерлерден, әсіресе екі елдің азаматтық қоғамынан сынға ұшы-
рады. Жалпы, осындай серіктестік келісімдері шикізаттың кепілдендірілген 
жеткізілімі тұрғысынан ғана пайдалы, бірақ егер өзгеше сипатта бола-
тын кейбір елеулі ұғымдар ескерілсе, табысты болуы мүмкін. Осылайша, 
тұрақты даму, азаматтық қоғам мен жергілікті халықтың қатысуы, халықара-
лық стандарттарға сәйкестігі, тауарларды басқаруды жетілдіру мақса-
тында дамыту құрауышын нығайту, ашық қаржыландыруды қамтамасыз 
ету, саяси құрамдас бөліктерді нығайту, шикізат секторынан түскен кіріс 
қоғамның, денсаулық сақтаудың, білімнің, инфрақұрылымның дамуы мен 
қоғамның демократиялануын қамтамасыз ете алады 
20
.
Қазақстан- Германия келісімі, өкінішке қарай, тауарлардың шикізат секто-
рындағы әкімшілік процестердің заңнамалық базасын және институция-
лық негіздерін жетілдіруге, 
 
сондай-ақ тауар саласының мамандарын даяр-
лауға және біліктілігін арттыруға арналған баптарды қарастырмайды 
21
.
19
 https://tengrinews.kz/zakon/mejdunarodnyie_organyi_i_organizatsii/
mejdunapodnyie_otnosheniya_respubliki_kazahstan/id- O1200000001/.
20
 https://www.swp-berlin.org/fileadmin/contents/products/aktuell/2012A16_mdn_dnn.pdf.
21
 http://www.ressourcenpolitik.de/wp-content/uploads/2013/04/PolRess_ZB_
AP2-Kurzanalyse-2_Rohstoffpartnerschaften_final.pdf.


332
Қазақстан экономикасының трансформациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет