Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Сыни ойлау мынандай жағдайларда керек



бет41/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Сыни ойлау мынандай жағдайларда керек:





  • Кез келген мәселе немесе ақпаратпен жұмыс жасағанда

  • Осы мәселе яки ақпарат туралы дербес пікір қалыптастырғанда

  • Өз пікірін тұжырымдап, дәлелдеу кезінде

  • Осы мәселені немесе ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда

  • Топта, жұпта жұмыс жасағанда

  • Өзгелердің пікірін бағалап, қабылдағанда

Сыни ойлаудың 3 деңгейі


Бастапқы деңгей Орта деңгей
Жоғары деңгей

Ғалым-әдіскерлер сыни ойлаудың төмендегідей тиімді жақтарын атап көрсетеді:


  • оқушылардың өз бетімен жан-жақты білім алуы;

  • сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану;

  • оқушылардың өзара пікір алмасуы;

  • мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарымқатынастардың орнауы.

Сыни ойлауды үйретудің технологиясы


Қызығушылықты ояту. Сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші
мақсаты – білім алушының белсенділігін арттыру.
Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне
жағдай жасалады.
Ой-толғаныс – бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім
алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу»,
«Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар лайықтала қолданылады.
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы Өзіне-өзі талап қоя білуі
Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет