Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім


-кесте Зерттеу парадигмасы туралы ойланудың Майкл Кротти (Crotty, 1998) ұсынған төрт сұрағы



бет3/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Конспект

1.2-кесте
Зерттеу парадигмасы туралы ойланудың Майкл Кротти (Crotty, 1998) ұсынған төрт сұрағы
1. Сіздің зерттеуіңізге қандай эпистемологиялық теория негіз болады (объективтілік немесе субъективтілік)?
2. Зерттеудің онтологиялық негізі неде (мысалы, позитивтілік, конструктивтілік, трансформациялық парадигма)?
3. Зерттеу әдістерін (мысалы, сандық әдістерге негізделген эксперименттік зерттеу немесе сапалық әдістерге негізделген этнографиялық зерттеулер) таңдауға негіз болған әдіснамаңыз (зерттеу әдістері мен нәтижелерін байланыстыратын стратегия немесе әрекет жоспары) қандай?
4. Қандай әдістерді (дерек жинау әдістері мен үдерістері) қолданғыңыз келеді (мысалы, сауалнама, сұхбат, фокус-топтар)?

білім беру зерттеулерінің басты бес парадигмалық тәсілін анықтау және сипаттау;


1.2-сурет. Білім беру зерттеулерінің құрамдас үш бөлігі (Creswell & Creswell, 2020)
Зерттеу тәсілдері
Сандық
Сапалық
Аралас
Зерттеу парадигмасы (зерттеушінің сенім жүйесі)
Позитивтілік
Постпозитивтілік
Конструктивтілік
Прагматизм
Трансформациялық парадигма
Зерттеу дизайны
Сандық дизайн (мысалы сараптаманы қолдану)
Сапалық дизайн (мысалы, этнографиялық зерттеу әдістерін пайдалану)
Аралас дизайн (мысалы, деректерді сандық талдаудан кейінгі сапалық талдау реті)
Зерттеу әдістерін таңдаудағы негізгі аспектілер
Зерттеу сұрақтары
Деректерді жинау
Деректерді талдау
Зерттеу нәтижелерінің сәйкестілігін тексеру
Зерттеу парадигмасы (зерттеушінің сенім жүйесі)
Позитивтілік
Позитивтілікті жақтаушылар (ғылыми әдіснамадағы философиялық ілім мен бағыт) шындық зерттеуге қатысушылардан тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.
Позитивтілік сандық зерттеу әдістерін қатаң қолдануды ұсынады.
Постпозитивтілік
Позитивтілікті жақтаушылар зерттеуші мен зерттелетін нысан бір-бірінен тәуелсіз деп есептесе, «постпозитивтілікті жақтаушылар зерттеушінің ұсынған теориясы, болжамы, негізгі білімі мен құндылықтары байқалатын нәрсеге ықпал етуі мүмкін екенін мойындайды» (Robson & McCartan, 2016, 22-б.).
Постпозитивтілікті жақтаушылар үшін зерттеу белгілі бір теория мен ғылыми болжамнан басталуы керек.
Позитивтілік пен постпозитивтіліктің өзара айырмашылықтарына қарамастан, сандық әдістерді қолданатын дәстүрлі «ғылыми зерттеулерге» негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет