Шындық пен болмысқа деген көзқарасыңыз онтология, ал шындықты қалай танитындығыңыз эпистемология деп аталады. Зерттеудің онтологиялық, эпистемологиялық және әдіснамалық негіздері зерттеу парадигмасын құрайды (Khun, 1996) (1.1-суретті қараңыз).
Ваш взгляд на реальность и бытие называется онтологией, а то, как вы познаете реальность, называется эпистемологией. Онтологические, эпистемологические и методологические основы исследования формируют парадигму исследования (Khun, 1996) (см. рис. 1).
Парадигма зерттеушінің зерттеу жұмысын (яғни әдіснама) қалай жүргізу керектігі туралы ғана емес, сондай-ақ зерттеушінің ақиқат пен шындықты (онтология) қалай анықтайтындығы туралы және оның ол ақиқат немесе шындықты (эпистемология) қалай танитындығы туралы болжамдарын қамтиды (Guba & Lincoln, 1994).
Әлеуметтік ғылымдар мәнмәтінінде «парадигма» терминін қолданғанда біз: парадигма – «зерттеушіге әдісті таңдауда ғана емес, сонымен қатар онтология мен эпистемологияға қатысты да басшылыққа алатын негізгі сенім жүйесі немесе дүниетанымы» деген анықтаманы ұстанамыз (Guba & Lincoln, 1994, 14-б.).
Используя термин «парадигма» в контексте социальных наук, мы придерживаемся следующего определения: парадигма – это «основная система убеждений, или мировоззрение, которая направляет исследователя не только в выборе метода, но и в отношении онтологии и эпистемологии» (Guba & Lincoln, 1994, с. 14).
Әлеуметтік ғылымдарда объективтілікті, негізінен, сандық зерттеу әдістерін жақтаушылар (сауалнама, сараптама, ғылыми болжамдарды тестілеу), ал субъективтілікті сапалық әдістерді жақтаушылар (сұхбат, бақылау, кейс-стади) ұсынады.
1.1-кесте Зерттеу парадигмасының үш негізгі сұрағы Онтологиялық сұрақ: Нені танып-білуге болады? Шындықтың мәні неде?
Эпистемологиялық сұрақ: Білетінімізді қалай түсінуге және түсіндіруге болады?
Әдіснамалық сұрақ: Қоршаған ортада бар әлеуметтік құбылыстарды өз сеніміміз бойынша қалай зерттеуге болады?