1.3-кесте
Зерттелетін саладағы олқылықты анықтаудың үш негізгі жолы және олардың нұсқалары
Олқылықтың орын алу амалдары
|
Олқылықтың орын алу амалдарын түсіндіру
|
Екіұштылықты анықтау
|
Бірдей құбылыстарға қатысты бәсекелес түсіндірмелердің болуы
|
Аталмыш зерттеу тақырыбы бойынша зерттеулердің жоқтығы
|
Зерттеу саласының дұрыс бағаланбауы; жеткілікті деңгейде зерттелмеуі; зерттеудің эмпирикалық материалдарының болмауы немесе аталмыш бағытта нақты аспектіде зерттеу жұмысының жүргізілмеуі
|
Теорияға қосылатын толықтыруларды айқындау
|
Қолда бар әдебиеттерді кеңейтіп, толықтыру
|
Енді осы әдістердің әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік. Бұлардың біріншісі екіұштылықты анықтау деп аталады, ол белгілі бір мәселені зерттеудегі шатасудың басын ашып береді. Сіздің қарастырып отырған мәселеңіз бұрын зерттелген, дегенмен онда келтірілген дәлелдер қарама-қайшы. Сіздің зерттеу сұрағыңыз осы құбылысты зерттеудегі екіұштылықты анықтап, ашуға бағытталады.
Зерттеу саласындағы олқылықты анықтаудың екінші жолы – тақырып бойынша зерттеулердің мүлдем болмауы – ол берілген әлеуметтік құбылыстың зерттелмеген тұсын анықтап береді (Alvesson & Sandberg, 2013). 1.3-кестеде көрсетілгендей, бұл тақырып бойынша зерттеулердің болмауы зерттеу пәнінің ұзақ жылдар бойы зерттеушілердің назарынан тыс қалуына, эмпирикалық материалдардың жоқтығына немесе жеткіліксіз деңгейде жиналғанына байланысты деуге болады (мысалы, сауалнама жүргізілмеген, сұхбатқа негізделген сапалы деректер болмаған, тиісті құжаттар талданбаған және т.б.).
Олқылықты анықтаудың үшінші жолы – теорияға қосылатын толықтыруларды анықтау – ол аталған әлеуметтік құбылыстың теориялық негізінің жеткіліксіздігін айқындап береді. Алвессон мен Сандберг атап өткендей, «зерттеудің міндеті қарастырылып отырған тақырыпты одан әрі тереңірек түсіну үшін оған балама басымдықтарды ұсыну» болып табылады (Alvesson & Sandberg, 2013, 33-б.). Алвессон мен Сандберг зерттеліп отырған саладағы олқылықтың орын алуын ашудың мысалы ретінде Оливер мен О’Рейлидің көші-қон мәселесі жөніндегі зерттеулерін келтіреді: авторлар аталмыш тақырыптағы зерттеулерде көші-қондағы әлеуметтік тап рөлінің сирек көтерілетіндігін байқайды. Бұл жайтты түзету үшін Оливер мен О’Рейли өз зерттеулерінде әлеуметтік тап пен көші-қонды байланыстырып, мәселеге жаңа көзқарасты ұсынады (Alvesson & Sandberg, 2013).
Алвессон мен Сандберг, сондай-ақ, зерттеулердегі олқылықты ашудың қосымша:
Достарыңызбен бөлісу: |