5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы, Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.
6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы, Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
№
|
Түрлері
|
Жалғаулықтары
|
Тыныс белгісі
|
1
|
Ыңғайлас салалас
|
Және, да, де, та, те, әрі.
|
Үтір
|
2
|
Қарсылықты салалас
|
Бірақ, сонда да, дегенмен,
алайда, әйтсе де, сөйтсе де.
|
Үтір, үтір мен сызықша
|
3
|
Түсіндірмелі салалас
|
Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.
|
Қос нүкте, сызықша
|
4
|
Себеп-салдар салалас
|
Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.
|
Үтір, қос нүкте немесе сызықша
|
5
|
Талғаулы салалас
|
Не, немесе, я, яки, болмаса,
әйтпесе, не болмаса, әлде.
я болмаса
|
Үтір
|
6
|
Кезектес салалас
|
Кейде, бірде, біресе.
|
Үтір
|
Достарыңызбен бөлісу: |