Қосалқы диагностикалық белгілер:
↓
Эпидемиологиялық анамнез (аурудың басталу кезеңіне дейінгі 3 апта уақытында үш түрлі жұғу жолдарын – су, тағам, қарым-қатынас/ анықтау).
Аурудың кіші белгілері (ваготония белгілері).
Гемограмманың өзгеруі (аурудың 5-ші күнінен кейін лейкопения мен тромбоцитопения, салыстырмалы лимфоцитоз, анэозинофилия).
Емдеуі.
Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Ауыз қуысы мен теріні күту маңызды орын алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11-күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 4б, сосын 4в, 2 диета тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі -левомицетин болып табылған. Сонымен қатар ампициллинді де пайдалану қолайлы. Левомицетинді тәулігіне 6 реттен 0,5 г белгілейді, қалыпты дене температурасының 3-ші күніне дейін, ал 3-10-шы күні - тәулігіне 4 реттен - 0,5 г. Ампициллинді 14 күннің ішінде тәулігіне 4 реттен 1г мөлшерінде пайдалану. Қоздырғыштар антибиотиктерге тұрақты болған жағдайда бактрим (бисептол) күніне 2-3 рет қолданылады, немесе нитрофуран препараттары (фуразолидон) күніне 4 реттен-0,15-0,2 г. Сонғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды (пефлоксацин 0,4 г. х 2 рет, ципрофлоксацин 0,5 г. х 2 рет).
Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12-24 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың мөлшері 500 мл дейін шектеледі.
Алдын алу шаралары. Науқастар ауруханадан шыққаннан кейін диспансерлік бақылауда 3 ай бойы болады. Науқастың нәжісі, дәреті, өті бактериологиялық бақылаудан өтеді. Сүзек-парасүзек ауруларына қарсы иммунизация жоспарлы тәртіпте, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша іске асырыллады.
Достарыңызбен бөлісу: |