Этиологиясы. Қоздырғышы - Salmonella typhi –ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Salmonella typhi - грам (-) аэроб.
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-парасүзек бактериялары біршама тұрақты. Су мен топырақта олар бірнеше күннен, бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін. .
Эпидемиологиясы. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік тамақтанатын және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.
Іш сүзегі мен парасүзектер үшін жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық- контактілі. Өршу мезгілі - шілдеден бастап, қыркүйек-қазан айларында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |