Конспект Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»



Дата04.12.2022
өлшемі20,58 Kb.
#54745
түріКонспект

«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY»
Cемей 2022
Конспект
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және оның нәтижелері.

Орындаған: Серікқазы Ақниет



Баршамызға белгілі Қазақастан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы 02 шілде 1998 жылы қабылданып, қолданысқа енгізілген, сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін аталған заңға 16 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. өзгертулер мен толықтырулар сыбайлас жемқорылықтың алдын алу, жауапкершілігін күшейту мақсатында қабылданған.
Аталған Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу жəне ашу, олардың зардаптарын жою жəне кiнəлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды жəне басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн жəне соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады
Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тəртiптiк, əкiмшiлiк жəне қылмыстық жауапкершiлiкке əкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын əрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады.
Әрине сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайда, заң талабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын естен шығармау керек. Олар басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету, кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету, жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету, осы сияқты заңсыз әрекеттер болып табылады.
17 қаңтар 2014 жылғы Елбасының халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленгенін атап өтті, «Мәңгілік Қазақстан- Мәңгілік Ел» болу үшін әрине, қоғамда сыбайлас жемқорлықтан алыс болуымыз қажет. Қазақстан Респбликасының дамуына, дамыған елдің қатарына қосылу мақсаты алға қойылғаны анық.
Республика соттарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, сотың кеңсесіне келіп түскен талап арыздар, арыздар, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі арқылы» судьялардың қарауына автоматты түрде кеңсе қызметкерлерінің немесе сот төрағасының араласуынсыз бөлінуде.
Республика соттарында «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» 2006 жылдан бастап, тиісті дәрежеде жұмыс жасап келеді.
Бұл электрондық бағдарламасы арқылы әр азамат Әділет басқармасынан алынған жеке өзінің электрондық кілтімен Интернат желісі арқылы сотқа электронды қолтаңбасы қойылған талап арызды немесе арызды да тапсыра алады.
Сондай-қақ, өзі сотқа тапсырған құжатын Интернат желісі арқылы, әр соттың сайтына кіріп, істің қаралу нәтижесімен немесе істің қай күнге тағайындалғаны, кейінге қалдырылғаны туралы мәліметтермен танысып, көшірмесін түсіріп алу мүмкіншіліктері де қарастырылған.
Яғни, облыс орталығынан қашық орналасқан аудан тұрғындарына бұл бағдарлама үлкен мүмкіншіліктерге жол беріп отыр.
«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесіне» барлық істер тіркеліп, қаралу нәтижесіне қарай сот актілері, тіпті сот отырысының хаттамалары, бейне және дыбыс жазбаларының көшірмелері енгізіліп, судьяның және сот мәжілісінің хатшысының электрондық қолтаңбасымен бекітілген істегі процессуалдық құжаттар енгізілген. Егер, тараптар Интернет желісі арқылы соттың «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесімен» өзінің арызы бойынша істің электрондық кәртішкесіне кіріп, өзіне қатысты құжаттардың көшірмесін қай күні, қанша сағатта алғандығы туралы автоматты түрде электронды түрде хаттама жүргізіліп, белгі қойылып, отырылады.
Ал, сот қызметкерлерінің тарапынан кез келген уақытта әлектрондық кәртішкеге өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Әр судья, сондай –ақ сот хатшысы, сот қызметкері электрондық кәртішкеге енгізген құжаттарға аса жауапкершілікпен құжаттарды енгізу қарастырылған және олар осыған жауапты болып табылады.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әр аптаның дүйсенбі күні судьялардың және сот қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін жедел кеңес жиналысының басты тақырыбында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының» мақсаты атап өтіледі, және қандай шаралар қолданылып отырылғаны туралы кеңсе меңгерушісінің ақпараты тыңдалады.
Сонымен қатар, сот төрағасымен бекітілген әр жартыжылдық жоспарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмыс жоспары бекітіліп, осы жоспарға сәйкес іс шаралар жүзеге асырылуда.
Бұдан басқа, сотта сенім телефоны және шағым арыздарға арналған жәшік ашылған, және сотқа келушілерге жасырын түрде сауалнама парақтары беріліп, сот қызметкерлері қатысты сауалнама парақтары толтырылуды. Бұл сот қызметкерлерінің тарапынан заңсыз әрекеттерінің жол берілуінің алдын алу мақсатында жүргізілуде.
Сондықтан, Мәңгілік Ел болуымыз үшін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет