Дәріс 12. Зардап шеккен аймақтағы құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар ТЖ салдарын жою, АҚ іс-шараларында қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану үшін құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу көзделеді.
Құтқару жұмыстарына: адамдарды іздеу, оларды қираған, жартылай қираған немесе жанып жатқан ғимараттардан, құрылыстардан, су айдындарынан, зақымдану ошақтарынан алу, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті аймақтардан (аудандардан) шығару (әкету) және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау жатады.
Басқа да шұғыл жұмыстар жұмыстарды табысты және қауіпсіз жүргізу үшін жағдай жасау, ТЖ аймақтарында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Шұғыл жұмыстарға мыналар жатады: адамдардың өміріне қауіп төндіретін немесе жарылыстарға, өрттерге, қосымша қиратулар мен зақымдануларға әкелетін апаттарды оқшаулау. Осы жұмыстар барысында бағаналы жолдар, үйінділерде және залалданған учаскелерде өткелдер салынады, сумен, газбен, энергиямен жабдықтаудың жекелеген желілері қалпына келтіріледі, сондай-ақ апат аудандарында құтқару жұмыстарын жедел жүргізуді және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар жүргізіледі.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды тиісті деңгейдегі АҚ және ТЖ жөніндегі басқару органдары жұмыстардың бірыңғай кешені ретінде ұйымдастырады және жүргізеді.