Дәріс 7. Республикалық азаматтық қорғау қызмет-терінің рөлі, негізгі міндеттері және ұйымдық құрылымы 1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
1) төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алу және оларды жою;
2) бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу арқылы төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарды құтқару және эвакуациялау;
3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды дайындау және тұрақты дайындықта ұстау;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинақтау және әзірлікте ұстау;
6) төтенше жағдайдың туындау қаупі туралы болжам болған кезде халықты, азаматтық қорғауды басқару органдарын алдын ала хабардар ету және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел түрде хабардар ету;
7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су алу орындарын), тамақ шикізатын, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ластанудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;
8) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін тұрақты әзірлікте құру, дамыту және қолдау;
10) қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қауіпті факторларының әсерін азайту немесе жою жөніндегі іс-шараларды мониторингілеу, әзірлеу және іске асыру;
11) Мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау жүйесін ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнетін қауіптер мен залалды барынша азайту;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты дайындығы;
4) болжанатын және туындаған төтенше жағдайлар, олардың салдарын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу және жою жөнінде қабылданған шаралар туралы халықты және ұйымдарды жария ету және хабардар ету;
5) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде негізделген тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.