Дәріс 6. Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық актілер ҚР тіршілік қауіпсіздігі саласында мынадай заңдар қабылданды:
1. "Азаматтық қорғау туралы";
2. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы";
3. "Төтенше жағдай туралы";
4. "Әскери жағдай туралы";
5. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы".
"Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңы (11 сәуір 2014 ж.)
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, олардың зардаптарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ құрылыстың негізгі міндеттерін, ұйымдастырушылық принциптерін және Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының жұмыс істеуін, Мемлекеттік материалдық резервті сақтау және пайдалану, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұйымдастыруды және олардың қызметін айқындайды. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы» (23 сәуір 1998 ж.)
Осы Заң халықтың денсаулығын зиянды әсерден, иондаушы сәулеленуден қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. "Төтенше жағдай туралы" ҚР Заңы (8 ақпан 2003 ж.)
Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізудің және қолданудың негіздерін, мерзімдерін, тәртібін белгілейді. "Әскери жағдай туралы" ҚР Заңы (5 наурыз 2003 ж.)
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдары мен ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі меншік нысанына қарамастан құқықтық қатынастарын реттейді. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (13 шілде 1999 ж.)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайды.