11.3 Тұрақ даму және жасыл экономика «Қоңыр» экономика – бұл ескі технологияға негізделген экономика. Түтінді қоқыстар, хлорланған сулар ГМО-сы бар азық-түліктер мен химиялық тыңайтқыштар, қоспалар қосылған сусындар – осының бәрі «қоңыр» экономика негіздері.
Қазақстанның қазіргі «қоңыр» экономикасына мыналар жатады:
- экономиканың мұнай секторына, тау-кен және ауыр өнеркәсіптерге байланысты. Мұнай секторы ұлттық ВВП-ң 30 пайызы және 60 пайызын мемлекеттің экспорты құрайды.
- өсімнің иінтірегі табылатын ресурстардың және энергияны қарқынды пайдалануына сүйенеді және осының арқасында Қазақстан әлемдегі энергиясы көп 11 елдің қатарында.
- тұрақты дамуға көп назар аударылуына байланысты Еуропаның, Батыс Азия мен Солтүстік Американың дамыған мемлекеттерінде қазақстандық экспорт одан да күрделі экологиялық стандартты орындауға байланысты мәселелермен кездеседі;
- шығарушы салаларға байланысты басқа да өңдеу секторларының инновациялық даму қабілеті төмендейді.
«Қоңыр» экономикаға қарама-қайшы «жасыл» экономика ұғымы бар.
«Жасыл» экономика – бұл жердің табиғат қорын арттырып, экологиялық залалды азайтады.
Егер дәстүрлі экономика соңғы пайдаланудағы тауарлар мен қоқыстар өндіру үшін еңбек пен технологияларды және ресурстарды біріктірсе, онда «жасыл» экономика табиғатқа аз залал келтіре отырып, қоқыстарды қайта өндіру жүйесіне тапсыруы керек.
«Жасыл» экономика негізі — ол таза және жасыл технологиялар, жаңа технологиялар немесе бизнес модельдері. Олар салымшылар мен сатып алушыларға ғаламдық мәселелердің шешімімен қамтамасыз ететін біруақытта бәсекеге қабілетті пайда ұсынады.
Жаңа технологиялар жаңа инновациялық көзқарастарды пайдалана отырып, экологиялық мәселелердің салдарымен жұмыс істеп, өнімдерді, технологиялар мен тұтыну және пайдалану сипаттамаларын түбегейлі өзгертеді.
Қазақстандағы «жасыл» экономиканың 11 сипаттамасы бар, олар:
1. Энергия генерациясы - жел, күн, гидроэнергетика, теңіз энергетикасы, био және геотермальді жанармай және т.б;
2. Энергияны сақтау - жанармай элементтері, жақсартылған ток көздері, аралас жүйелер;
3. Энергетикалық инфрақұрылым - басқару және жіберу;
4. Энергетикалық тиімділік - жарықтандыру, ғимараттар, шыны және т.б.
5. Көлік - көлік құралдары, логистика, жанармай құрылымдары;
6. Су және ағынды сулар - суды тазарту, судың қауіпсіздігі, ағынды суларды тазарту;
7. Ауа және қоршаған орта - тазарту және қауіпсіздік, қоқыстарды бақылау, мониторингі, сәйкестік, сауда және өтемақылар;
8. Материалдар - нано-, био- химиялық және т.б.;
9. Өнеркәсіп, өндіріс - жаңашаланған орам, мониторинг және бақылау, ақылды өндіріс;
10. Ауылшаруашылық - табиғат пестицидтері, жер ресурстарын басқару, аквамәдениет;
11. Рециклинг және қоқыстар - рециклинг және қоқыстарды басқару.
Қазақстан Республикасында «жасыл» экономиканың келесі принциптері бар:
- экотиімділіктің принциптері, яғни тауарлар мен қызметтердің пайдаланулы құрылымын арттыра отырып, қоршаған ортаға ең аз залал тигізу;
- ресурс жинақтау принципі қажетті табиғат ресурстарын қарастыра отырып, басқару шешімдерін қабылдауға негізделген;
- бірлік принципі даму барысындағы экологиялық таза технологиялар құруға байланысты мемлекеттік зерттеулер мен өңдеулерді қолдау;
«Жасыл» экономика тұрақты дамуды алмастырмайды, оған қол жеткізудің басты негізі болып табылады.