Конспектісі «Экология»


§ 12. ХХІ ҒАСЫР ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭНЕРГО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ. ЭКОЭНЕРГЕТИКА



бет14/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

§ 12. ХХІ ҒАСЫР ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭНЕРГО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ. ЭКОЭНЕРГЕТИКА
12.1 Экоэнергетика. Дәстүрлі емес экологиялық таза энергия көздері. Қайта жаңартылатын энергия көздері. Энергия сақтау стратегиясы
Қазба жолымен алынатын жанармай материалдарын (мұнай, газ) пайдаланатын дәстүрлі энергетика саласы қоршаған ортаны ластаушы және қайта қалыпқа келмейтін ресурс негіздерінің бірі болып табылады.
Энергияны альтернативті көздер арқылы алуды пайдалану – дәстүрлі энергия көздерін алудың бірден-бір үнемді тәсілдерінің бірі, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған табиғат ортасын қорғау болып табылады.
Альтернативті қайта жаңартылған энергия көздеріне мыналар жатады: жел энергетикасы, биоэнергетика, геотермальды энергетика, гелиоэнергетика, теңіз энергетикасы, су энергетикасы.

12.1.1 Жел энергетикасы. Жел энергетикасы – бұл жел энергиясының жүзді дөңгелектердің айналмалы қозғалысына, тебілісіне айналуы немесе жел бөгегіштің көмегімен түсетін қозғалысқа айналуын айтамыз. Желдің пайдалы әсер коэффициенті 25...50% жетеді, бұл олардың пайдасын арттырады. Жел құрылғыларының негізгі элементі – ол дөңгелек. Жердегі энергия қоры өте көп және 500м ауа қабатында 80 трлн кВТ*сағ артады.
Жел энергетикасының кемшіліктері:
- жел энергетикасының уақытқа тәуелсіз болуы, бірақ оны кеңістіктегі желдің өзгеруімен толықтыруға болады. Егер бірнеше ондық ірі жел агрегаттарын біріктірсек, онда олардың орташа қуаты тұрақты болады.
- желэнергия станциясы (ЖЭС) шашыраңқы жағдайды, мазасыздық сезімін тудыратын қарқынды интенсивті инфрадауысты басқарады, ЖЭС орналастыру аумағы өмір сүруге жарамсыз болып табылады;
- ЖЭС орналасу аймағында жылу теңгерімі өзгереді. Бұл жел раушандарының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
- ЖЭҚ-дың үлкен жүздері қанаттыларға қауіпті, әсіресе олар құстардың көші-қон жолында орналасқан жағдайда;
- УҚТ және АЖЖ диапазондарының радиотолқындарының көрінісі ЖЭҚ жүздерінің жаңашаланған құралдарының қалыпты жұмысы бұзылып, теледидар бағдарламаларының қабылдануы күрделенеді;
Бұл мәселелердің шешімі – ЖЭҚ-ны теңізге, ашық мұхитқа шығару болып табылады. Жел жылдамдығы жағалау сызығынан алыстаған сайын артады. Сонымен жағалаудан 40 м алыстаса, жылдамдық 20...25% артады. Бұл ЖЭУ сол аралықта екі есе артық энергия алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ЖЭҚ-ны теңіз акваторияларына орналастыру платформаларды энергиямен қамтамасыз етеді және жер аумақтарын үнемдеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет