Конспектісі «Экология»


Салауатты өмір салтын қалыптастыру



бет26/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

14.5 Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты — бұл халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған өмір сүру әдісі. Салауатты өмір сүру үшін еңбектің және демалыстың тазалық режимі әсер етеді, ол оған зиянды әдеттер, яғни шылым шегу, алкоголь және анаша тұтыну кедергі болады.
Салауатты өмір салты — өнегелілік, тиімді ұйымдастыру, белсенді, еңбекқор, шынығу, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен қорғау, қартайғанша өнегелілік, психологиялық және физикалық денсаулық сақтау қағидаларына негізделген.
Салауатты өмір салты — денсаулықтың басты факторлары болып табылады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамалары бойынша (БӘДҰ) тек сырқат пен физикалық ақаулардың болуы ғана емес, денсаулық — бұл физикалық, рухани және әлеуметтік игіліктің жағдайы.
Негізінен денсаулықтың үш түрі туралы айтуға болады. Физикалық денсаулық, психологиялық және әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық — бұл барлық мүшелер мен жүйенің қалыпты қызмет етуіне негізделген ағзаның табиғи жағдайы. Егер барлық мүшелер мен жүйе жақсы жұмыс істесе, онда адамдардың барлық ағзасы дұрыс жұмыс істейді және дамиды.
Психологиялық денсаулық — бас ми бөлігінің жағдайына байланысты болады, ол ойлаудың деңгейі мен сапасы, назар мен жадының дамуымен, эмоционалды тұрақтылық деңгейімен, еркі қасиеттерінің дамуымен сипатталады.
Әлеуметтік денсаулық — адамдардың әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын адамгершілік қағидаларымен анықталады, яғни өмірдегі нақты адамдар қоғамы. Адамдардың әлеуметтік денсаулығының ерекше белгісі, ең алдымен, еңбекке деген зерделі қарым-қатынасы, мәдениет қазынасына ие болу. Әдет пен мінезді саналы қабылдамау, қалыпты өмір салтының қарама-қайшылықтарын қабылдамау болып табылады.
Дені сау және рухани жетілген адам бақытты — ол өзін тамаша сезінеді, өз жұмысына қанағаттанады, рухтың жастығы мен ішкі сұлулыққа қол жеткізуге тырысады. Адамдық тұлғаның толықтығы, ең алдымен, ағзаның психологиялық және физикалық күштерінің өзара байланысы мен өзара қимыл-әрекетінен пайда болады. Ағзаның психо-физикалық күштерінің үйлесімдігі денсаулық қорын арттырады, біздің өміріміздің түрлі аймақтарында шығармашылық өз ойын білдіруде жүзеге асырылады. Белсенді және дені сау адам жастық шағын ұзақ уақыт сақтайды, «рухани жалқаулыққа» жол берілмейді.
Салауатты өмір салты келесі негізгі элементтерден тұрады: жемісті еңбек, еңбек пен демалыстың тиімді режимі, зиянды әдеттерден арылу, тиімді қозғалыс тәртібі, жеке гигиена, шынығу, пайдалы тамақтану және т.б.
Жемісті еңбек — салауатты өмір салтының маңызды элементтерінің бірі. Адам денсаулығына ең бастысы еңбек болып табылатын биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді.
Еңбек пен демалыстың тиімді режимі — салауатты өмір салтының қажетті элементі. Дұрыс және қатаң сақталған тәртіптен ағзаның нақты және қажетті қызмет ету ритмі пайда болады. Ол еңбек пен демалысқа тиімді жағдай жасайды, сондай-ақ, денсаулықтың жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және еңбек қабілеттілігінің жақсаруына әкеледі.
Салауатты өмір салтының негізгі буыны зиянды әдеттерден арылу болып табылады (шылым шегу, алкоголь, анаша және т.б.). Бұл денсаулықты құртушылар көптеген аурулардың себептері болып табылады, өмір сүру ұзақтығын бірден азайтады, болашақ балалар мен жеткіншек жастардың денсаулықтарына кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет