Конспектісі «Экология»


Баға әрқашан нарықтық басқарудағы маңызды қызмет болуы керек. Олар ресурстардың, өндірістің, тауар мен қызметтердің қолжетімділігін көрсетуі тиіс; 3



бет11/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

2. Баға әрқашан нарықтық басқарудағы маңызды қызмет болуы керек. Олар ресурстардың, өндірістің, тауар мен қызметтердің қолжетімділігін көрсетуі тиіс;
3. Жақсы қызмет көрсететін нарық құру үшін бәсеке тудыру шарттарын шектеу керек. Жаңалықтарды ынталандыру ұзақ мерзімді шешімдерді тиімді ету, сондай-ақ, келешектегі қажеттіліктерді түзетуге әкелетін қоғамдық өмірді жақсартуды сұрау;
4. Қоғамның экономикалық тиімділігі және өндіріс, әлеуметтік, адами қарым-қатынастардың негізі барлық уақытта да берік болуы керек. Тиімділікті арттыруда тек саны ғана емес, сондай-ақ, сапасы да маңызды.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаты тұрақты даму траекториясына шығуда динамикалық жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтау. Оған тек келесі бірнеше шарттар бір уақытта орындалғанда, тек сол жағдайда ғана қол жеткізуге болады:
1. Тепе-тең және тұрақты экономикалық өсім болуы керек, яғни халықтың толықтай немесе жеке қарапайым өндірісінің ІЖӨ-н арттыру ғана емес, ұлттық экономикадағы сәйкес құрылымдық және техникалық дағдарыс.
2. Экономикалық тұрақтылық, яғни ұлттық валютаның тұрақты бағасы және сатып алу қабілеттілігі, бюджет жетіспеушілігі мен төмен деңгейдегі инляция;
3. Ішкі экономикалық тепе-теңдік, яғни мемлекеттің оң төлемдер балансын ұстау сыртқы сауданың шамадан тыс тапшылығының алдын алу, мемлекеттің сыртқы қарыздарын белгілі шектен асырмау;
4. Экономикалық әділдік, барлық адамзаттың тек материалды байлығы мен қызметтер көлемімен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ, барлық шаруашылық субьектілеріне тең экономикалық жағдайлар құру, нарықтық бәсекенің дамуы және монополисттер қызметін реттеу.
Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының жаңа сапалы кезеңі басталды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін келесі шараларды орындау керек:
1. Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың барлық өрісінің тұрақты және динамикалық болуы. Бұл мемлекет ішінде экономикалық даму тенденцияларының жан-жақты дамуымен қатар, шетелдерде де Қазақстанның ғаламдық шаруашылық жүйемен байланысын ескере отырып, дамуына да байланысты.
2. Мемлекеттің жоғарғы технологияларды құрудағы қатысы, сонымен қатар, ғылыми технологияларды енгізу барысының мемлекетке әсерін салықтық, бюджеттік және сыртқы сауда экономикалық құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттің тәуелсіздігі мен жүйелілігін сақтау. Қазіргі уақытта республиканы жүйелендіру және тұрақты даму мәселелерін зерттеу сәтті жүргізілуде. Қазақстанның аумақтық ұйымдарында жүйелену және интеграциялау барысына модельдердің қатысуы өңделуде.
4. Отандық трансұлттық компаниялар құру. Тек қана отандық компаниялар ғана жер бедерін меңгеруде, өндірісті дамытуда, экономикалық құрылымдарды жаңашаландыруда шетел қаржысына белсенді бәсеке тудыруы қажет.
5. Экономикалық ережелер мен құқықтық негіздерді өңдеуде қаржының қатысы. Қазақстан алдыңғы қатардағы мемлекеттерде қалыптасқандай шетел қаржысын тарту ережелері мен өркениетті келісімдермен ұстануы тиіс, себебі, бұл бәсекелестік заңының объективті тергеуі болып табылады.
Жүйелену шарттарындағы мемлекеттің негізгі басымдылығы бұл - ұлттық экономикалық дамуына үлес қосу. Бұл мақсатқа жету үшін біздің экономикамыздың әлемдік шаруашылықта одан арғы интеграциясында ең аз тәуекелдік мәліметтерге қол жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет