қоршаған орта және оның жағдайы туралы білімнің таралуына жәрдемдесуге;
қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік, экономикалық экологиялық проблемаларды кешенді шешу саласында шешімдер қабылдау бойынша критерийлерді, стандарттарды, ұсыныстарды беруге;
қоршаған табиғи ортаны сақтау кезінде экономиканың даму мүмкіндіктерін көрсетуге;
табиғи-мәдени мұраға ұқыпты қатынасты дағдыландыру үшін әр халықтың шаруашылық жүргізуінің экологиялық мақсатқа сәйкес тәсілдерінің және экологиялық дәстүрлердің маңыздылығын арттыруға;
оқушылардың тұлғалық өсуіне, өздігінен дамуына, өзін-өзі көрсетуіне, өзін-өзі маңыздыландыруына мүмкіндік туғызуға;
қалыптасу үшін мүмкіндіктер беруге;
адамдарға, табиғатқа, мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға;
белсенді азаматтық ұстанымға;
қоршаған ортаның жағдайы, табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуы үшін адамдардың қазіргі және болашақ ұрпағының жауапкершілігі этикасына негізделген әлемнің экологиялық-гуманистік картинасын бағдарлауға арналған.
Өзгеше аспектіде тұрақты даму үшін білім берудің мақсаты – оқушылардың тұрақты даму негізінде қазіргі және болашақ ұрпақтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемаларды кешенді шешу және ескерту процесінде білім, дағды, тәжірибе алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына, өзін-өзі көрсетуіне, қалыптасуына жәрдемдесу.
Тұрақты даму проблемаларын шешудің және іске асырудың негізгі механизмі қоғамның барлық секторларының: мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттесуі болып табылады.
§11. ТҰРАҚТЫҢ ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
11.1 Қоршаған ортаны жайландыру экономикасы
Жоғарыда аталған Энквент комиссиясы тұрақты даму үшін келесі экономикалық ережелерді ұсынады:
1. Экономикалық жүйе әлеуметтік және қажеттіліктерді тиімді түрде қанағаттандыруы керек. Осы мақсатта экономикалық тәртіп жеке бастаманы (жеке жауапкершілік) жігерлендіре отырып және де жеке мүдделер халықтың келешегі мен бүгінгі күнінің жақсы болуын қамтамасыз етуді ескере отырып жоспарлануы тиіс. Жеке және ортақ мүдделер бір-бірімен өзара байланыста болуы керек. Қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік жүйеге қосқан жеке үлесіне сәйкес, сондай-ақ, нақты қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік жүйеден пайда көріп отырады;