Конспектісі «Экология»


Жеке тұлғалардың және отбасының денсаулығы



бет27/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

14.6 Жеке тұлғалардың және отбасының денсаулығы
Жеке тұлғаның және отбасының денсаулығы — бұл қоғамның қауіпсіздігі. Адамның басты құндылығы — ол денсаулық. Денсаулық болмаса, ақыл үнсіз, шығармашылық гүлдемейді, күш ойнамайды, байлық қажетсіз, сана әлсіз болады (Геродот). Ұлы Сократ шәкірттерінің «Денсаулық деген не?» деген сұрағына «Денсаулық — бұл бәрі емес, бірақ бәрі денсаулықсыз ештеңе емес» деген.
Отбасылық қарым-қатынастардың адамдардың денсаулығындағы мәні зор. Отбасының қолайлы адамгершілік-психологиялық жағдайы отбасы мүшелерінің денсаулығына оң әсерін тигізеді. Статистика бойынша мұндай отбасыларда адамдар аз ауырып, ұзақ өмір сүреді. Кейбір ақпарат көздері бойынша мұндай отбасы мүшелері көкжөтел, бауыр циррозы және диабет ауруларымен қолайсыз отбасы мүшелеріне және жалғыз басты адамдарға қарағанда аз ауырады.
Сонымен қатар, отбасының кейбір мүшелері нашақор немесе алкоголизм ауруларына шалдыққан деп бекітілсе, онда ол отбасында өмір сүрудің қиын жағдайлары туындайды, әсіресе бұл жағдай балаларға әсер етеді. Отбасындағы жағдай психикаға әсер етіп, көбіне түрлі ауытқулар туындатады.
Адам тұлға ретінде басқа адамдардың қоғамында қалыптасады. Тұлға ретінде қалыптаса отырып, адам әлеуметтік даму барысынан өтеді. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамның идеологиясын және адамгершіліктерін, құндылықтарын, өзін-өзі ұстау ережелерін меңгереді. Әлеуметтену барысы негізінен өмір бойына созылады, әсіресе ол балаларда, жасөспірімдер мен жеткіншектерде қарқынды болады. Әлеуметтенудің негізгі институты отбасы және мектеп, нақтырақ айтқанда, қабылданатын ережелер мен нормаларды таратушы туыстар, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрдастар, достар, қоршаған ортаның үлкендері болып табылады. Одан кейінгі кәсіптік қызмет те осындай әлеуметтенуден өтеді, яғни тұлға болып қалыптасу ешқашан тоқтамайды дегенді білдіреді.
Балалық және жасөспірім шақтарда салауатты өмір салтының, қоршаған ортамен үйлесімділік жүйесінің негізін қалыптастырады. Біздің көптеген мәселелеріміз, қиындықтар мен сырқаттарымыз тәрбиемен және адамдардың даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сондықтан тәжірбелік, психологиялық ұсыныстар мен шаралар есейген шақта емес, бала кезден бастап қалыптасқанда ғана тиімді болады.
Психологтар отбасындағы тәрбиенің негізгі төрт бағытын бөліп көрсеткен немесе отбасылық қарым-қатынастың төрт түрі: диктат, қамқоршы, қатыспаушылық және ынтымақтастық.
Отбасындағы диктат басқа отбасы мүшелерінің жеке құндылық сезімдерінің және басқа да мүшелерін жүйелік басуын айқын көрсетеді.
Қамқоршы — бұл отбасындағы ата-аналардың балаларының қандай да бір қажеттіліктерін өз еңбегімен қамтамасыз ету, оны қандайда бір қамқорлықтан шектеуі.
«Қатыспаушылық» үлкендер мен балалардың бір-біріне тәуелсіз болуына негізделген. Бұлардың әрқайсысының жеке даму жолдары бар.
Ынтымақтастық — отбасының ортақ мақсаттары мен ортақ өмірінің мәселелерін бірігіп шешуге негізделген тәрбие түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет