Конспектісі «Экология»


Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі



бет24/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

14.3 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау дегеніміз деңгейлік өзгерістерге ұшыраған тарихи жағдай. Әлеуметтік қорғаныс эволюциясы мемлекет пен қоғамның экономикалық эволюцияларының тығыз байланысынан туындайды. Кез келген қоғамда капиталистік, феодалдық, әлеуметтік және т.б. негізінен әрбір адамның қатысы бар тәуекелден тұрады. Ол тәуекелдер, яғни өмір сүру құралдарынан айырылу, сырқат пен ауру салдарынан еңбекке жарамсыз болу, кәрілік, жұмыссыздық және т.б. Соған орай қоғамда және мемлекетте осы тәуекелділіктерді болдырмауға тырысатын сол немесе басқа да жүйеде шаралар болады.
Алғаш рет «әлеуметтік қорғау» термині 1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік қорғау заңында пайдаланылады, соған сәйкес қарттарға зейнетақы және жұмыссыздық бойынша зейнетақы тағайындалады және кейінірек оған қосымша өзгерістер кедейлерге, мүгедектерге, жетімдерге зейнетақы беру тағайындалады. Осыдан кейін бұл термин басқа мемлекеттерде, сондай-ақ, халықаралық еңбек ұйымдарында кеңінен пайдаланылатын болады.
Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау әлеуметтік институт ретінде бұл – мемлекеттік әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған құқықтық нормалар жиынтығы. Кез келген жаңа заманауи мемлекеттерде халықты әлеуметтік қорғау дегеніміз әлеуметтік-экономикалық жүйелердің қарым-қатынастары. Ол әртүрлі еңбекке жарамсыз немесе халықтың шектеулі еңбекке жарамды топтарына, сондай-ақ, отбасының қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарының әлеуметтік қорғау құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Онда Қазақстан Республикасының саясаты адамдардың қалыпты өмір сүруі мен еркін дамуына бағытталған әлеуметтік мемлекет екендігі айқындалады.
Бұл бөлімдердің нақтылығы Конституцияда көрсетілген, соған сәйкес әрбір азамат Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жұмысқа жарамсыздық, бала бағу және басқа да жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау деген сөздің мағынасына тереңірек үңілсек, ол – еңбекке жарамсыз Қазақстан Республикасының азаматтарын кәрілік бойынша, мүгедектік, асыраушысын жоғалтқан жағдайда, еңбек өтіліне байланысты зейнетақы беру, уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану, балаларды бағу, жұмыссыздық және туыстары қайтыс болу, әл-ауқаты нашар азаматтарға көмек көрсету, төтенше жағдайларға тап болған отбасыларға көмек көрсету, босқындарға, шипажайда сауықтырулар, мүгедектерді көлікпен қамтамасыз ету, мүгедектерді мамандық бойынша оқыту және оларды жұмыспен қамтамасыз ету, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа ғимараттарын тұрғызу, балаларға арналған әлеуметтік көмек көрсету сияқты әлеуметтік-экономикалық шаралар жиынтығын айтамыз.
Қазақстанда 27.06.2001ж. №886 «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Концепциясы» құрастырылуда.
Әлеуметтік саясат және оның басты бағыты – халықты әлеуметтік қорғауға мыналарды жатқызуға болады:

  • Тұрғын үй реформасы;

  • Сақтандыру институттары мен зейнетақы жүйесінің қызмет ету қағидалары;

  • Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар арасында бәсекелестік тудыра отырып әлеуметтік өрісте қаржы құралдарының шығындарын тиімді ету;

  • Пайда мен өтемақы жүйелерін көтеруге тапсырыс беру;

  • Республика деңгейінде өкілеттер мен жауапкершіліктерді нақты әлеуметтік мәселе ретінде бөлу, сондай-ақ жергілікті деңгейде бөлуге де болады;

Әлеуметтік өрістегі реформалар бірнеше маңызы зор қағидаларға негізделіп, келесі негізгі бағыттар бойынша бөлінеді:

  • Тауар мен қызметтерді тұтынушыларға қаржы субсидияларын қысқарту және біртіндеп осы субсидияларды әл-ауқаты нашар халыққа төлеуге көшу;

  • Әлеуметтік жәрдемақыларды мекен-жайлы реформаларға ауыстыру, ол әл-ауқаты нашар деңгейінен төмен отбасыларға берілу үшін керек;

  • Әл-ауқаты нашар деңгейіне жатпайтын отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесіне ауыстыру;

  • Кез келген әлеуметтік көмек түрлерін отбасының жеке мүшелеріне ғана емес, барлық отбасына материалдық жағдай жасау.

Аталған қағидаларды жүзеге асыру әл-ауқаты нашар отбасыларға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетуге, әлеуметтік қызмет сапаларын және әлеуметтік қорғаудың тиімділіктерін арттыруға, сондай-ақ, әлеуметтік шығындарды мемлекеттің шынайы қаржылық мүмкіншіліктерімен сәйкестендіруге негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет