Конспектісі «Экология»



бет25/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

14.4 Халықты сауықтыру
«Қазақстан — 2050» - терминологиялық сөздігіне сәйкес халық денсаулығы, бұл — халықтың биологиялық, психологиялық және әлеуметтік жағдайларының теңгерімді жүйесі [«www.strategy2050.kz»].
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының қорытындысына сай «Денсаулық — бұл тек сырқат пен физикалық ақауларының болмауын ғана емес, сондай-ақ, толық физикалық, рухани және әлеуметтік саулығын айтамыз. Денсаулықтың негізгі көрсеткіштері мыналар:
- халықтың шынайы қозғалысы;
- тамақ пен тамақтану;
- білім;
- еңбек шарты және тәртібі;
- тұрғын үй;
- тұтыну және жинақтау қорлары;
- көлік құралдары;
- еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі;
- киім;
- демалыс орталықтары;
- әлеуметтік қамтамасыз ету;
- тұлға бостандығы.
1980 жылдан бастап ДДҰ (ВОЗ) «ХХІ ғасырдың Барлық халыққа арналған денсаулық» атты ғаламдық стратегияны жүзеге асыруда. Онда басты назар жетіліп келе жатқан ұрпақтың медико-әлеуметтік қажеттіліктеріне, нақты бір бағыттағы денсаулық сақтаудың алғашқы буындарының рөліне және алдын алу шараларына бағытталған.
Қазақстанда халық денсаулығына қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан 2011-2015ж.» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға негізделген. Оның мақсаты - мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады, сонымен қатар, «Саламатты өмір салты 2008-2016ж.» бағдарламасы (21 желтоқсан 2007 жыл №1260 Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген) халықты сауықтыруға және Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған.
Денсаулық сақтау жүйесінде ақысыз медициналық көмек көлеміне минималды стандарттар бекітілген. Жалпы дәрігерлік қағида бойынша қызмет ететін алғашқы медико-санитарлы қызметтерді жаңарту керек.
Қазақстандағы 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 65% -ға 1000 жағдайдың 54,1 тірі тууға азайған, 1990 жылы 18,7-тен 2012 жылы жалпы сәбилер өлімі 1000 жағдайдан 13,46 тірі тууға жетті. Осындай уақытта аналардың өлім коэффициенті 100000 туғандардан 13,5 жағдайға жеткен. Жалпы өлім деңгейі 1000 халықтың 8,36 төмендеген. Өмір сүру ұзақтығы 39 жасқа дейін артқан.
Онкологиялық сырқаттар салдарынан болатын өлім санының төмендеуіне қол жеткіздік. Ерте диагностика көрсеткіші 49,5% артқан. Онкологиялық қызметтерді дамыту бағдарламасы қабылданды. Астанада Назарбаев университеті негізінде онкологиялық орталықтар құрылды.
Әлеуметтік аурулармен сырқаттану көрсеткіші де төмендеген. «А» гепатитті вируспен сырқаттану - 4,6 есе, туберкулез 1 мың адамға шаққанда 14,3 жағдайға дейін төмендеген.
2011 жылы мемлекетте қолжетімді аймақтарда 60-тан астам жаңа диагностика және емдеу технологиялары енгізілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауында «Қазақстан-2050 халық саулығы стратегиясы» біздің сәтті болашағымыздың негізі ретінде қарастырылады. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ уақытты жаңғырту шегінде мемлекеттің барлық аумақтарында медициналық қызмет сапасының біркелкі стандарттарын енгізу қажет, сонымен қатар, медициналық орталықтардың материалды-технологиялық жабдықталуын жүзеге асыру керек. Онда келесі негізгі артықшылықтар қарастырылған:
- сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету керек;
- ең ауыр сырқаттарды емдеу және диагностика жасауды қамтамасыз ету;
- сауықтыру медицинасы сырқаттың алдын алуда негізгі құрал болуы керек. Мемлекет азаматтарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша үлкен тірек жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет