Конспектісі «Экология»


Экологиялық тәрбие және білім



бет28/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

14.7 Экологиялық тәрбие және білім
Экологиялық мәселелерді шешуді, қоғамның тұрақты дамуға экологиялық білімсіз, адамдарды ескертусіз және тәрбиелеусіз қол жеткізуге болмайды.
Экологиялық білім — бұл адамдардың өмір сүруінің ғаламдық шарттарының кешендік білімі. Сондықтан экологиялық білім — әрбір адам үшін белсенді процесс болып табылады, адам мен табиғаттың қарым-қатынастары мәселелерін қозғап, барлық тірі ағзалардың өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады.
Экологиялық білімді құрастыруда, ең алдымен, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану деңгейінің мәні зор. Экологиялық білімдегі маңызды бағыт экологиялық ой-өрісті арттыру болып табылады. Экологиялық ой-өрісті экологияландыру аралас, экологиялық қатынастың экономикамен байланысын көрсету, ғылымитехникалық прогресс, саясат, құқық және т.б. негізделген. Экологиялық білімде экологиялық апаттардың салдарын анықтаудың да маңызы зор. Оларға экологиялық білімсіздік және көптеген адамдардың шала сауаттылығы, насихаттың біліксіздігі мен тиімсіздігі жатады.
Білім негізі экологиялық тәрбие мен білімнің үздіксіз жүйесінен құралады. Ол отбасынан басталып, мектепте жалғасуы керек. Онда ол теориялық білім алуына, оқушылардың қоғамдық өмірі, мектептегі жұмыстар, табиғат достары клубы және т.б. әсер етеді.
Сонымен, қысқаша айтқанда, экологиялық білім бағыты ол:
- эколого-әлемдік білімді күшейту рухани-өнегелікті және экологияның эстетикалық мәселелерін шешу арқылы жүзеге асырылады;
- экологиялық білім аспектілерінің түрлі бөлімдері;
- экологиялық білім берудің нәтижелерін аймақтық-салалық ерекшеліктерімен байланысты қоршаған ортаның ғылыми зерттелуі.
Экологиялық білімде жалпы ақпарат құралдары — радио, теледидар, басылымдардың маңызы зор. Мұндай білім беру функциясын жүзеге асыру үшін баспасөздер мен басқару орғандары осы ақпарат құралдарымен маманданған, ғылыми және білім беру орталықтарымен сәйкес бірігіп қызмет жасауы керек.
Экологиялық білім тұрақты даму үшін керек:
- қоршаған орта мен оның жағдайы туралы білім таратуға әсер етеді;
- қоршаған ортаны қорғау өрісінде және әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелердің кешенді шешімдері бойынша стандарттар, ұсыныстар мен өлшемдер ұсынады;
- қоршаған табиғат ортасын сақтай отырып, экологияның даму мүмкіндіктерін көрсету;
- табиғи мұраны құрметтеу және тәрбиелеу түрлі халықты басқарудағы қоршаған ортаны қорғау дәстүрлерін және экологиялық қауіпсіз әдістерінің маңыздылығын арттыру үшін;
- оқушылардың тұлғалық өсуіне, өзіндік жетілуіне, өзіндік жүзеге асырылуына мүмкіндік береді;
- қалыпқа келу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
- мәдени мұраларға, табиғатқа, адамдарға деген жақсы қатынас;
- белсенді азаматтық позициялар;
- қазіргі және болашақ ұрпақты қоршаған ортаның жағдайы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жауапкершілік әдептеріне, әлемнің эколого-гуманитарлық бағалануын арттыру.
Маманданған аспекті бойынша білім берудің тұрақты дамудағы мақсаты — тұрақты даму негізінде болашақ және қазіргі ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, білім алу, үйрену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі дамыту болып табылады. Мәселелердің негізгі шешімін және тұрақты дамуды жүзеге асыруда қоғамның барлық бөлімдерімен қарым-қатынаста болуы, яғни мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорын құрылымдары, қоғамдық ұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет