Конспектісі «Экология»


Шектеуші факторлар. Биотикалық және абиотикалық факторлардың әсер ету заңдылықтары. Толеранттылық пен минимум заңдары. Толеранттылық диапазоны



бет10/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

2.3 Шектеуші факторлар. Биотикалық және абиотикалық факторлардың әсер ету заңдылықтары. Толеранттылық пен минимум заңдары. Толеранттылық диапазоны
Табиғи жағдайларда әрдайым факторлардың күрделі комплекстері әрекет етеді. Тіршілік ету үшін организмге экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесімділігі – экологиялық оптиум қажет. Тірі қалу диапазоны кеңейтілу мүмкіндігі бар факторлардың өзара әрекеттесуіне үлкен мән беріледі. Осылайша, температураның төмендеуі балықтардың тамақтың не қажет оттегінің жеткіліксіздігіне шыдамдылығын жоғарылатады.
Факторлардың үйлесімділігі синергетикалық болуы мүмкін, мұнда әр түрлі әсерлер бірін-бірі күшейте отырып, жеке әрекеттер сомасына қарағанда үлкен эффект береді (мысалы, комплекстік тынайтқыштардың әрекеті немесе ортаның салқындатылатын күшіне жел мен температураның бірлесіп әсер етуі). Үйлесімділік эффекттердің әлсіздігі байқалған кезде қолайсыздық туғызуы мүмкін. Ол қазіргі уақытта үйлесетін факторлар өздерінің оңтайлы белгілеріне қаншалықты жақын болғандығынан тәуелді.
Тірі қалудың жинақталған шарттарынан организмнің не популяцияның күйіне басқаларынан күштірек әсер ететін факторды әрдайым бөліп шығаруға болады. Белгілі бір маңызы бар ресурстың (судың, жарықтың, жылудың, астың) жеткіліксіздігі басқа жағдайлар оптималды болғандығына қарамастан өмірлік қабілетті шектеп отырады. Мұндай факторларды шектеуші немесе лимиттеуші деп атайды. Олардың әсерін шектеуші факторлардың заңы деп белгілейді.
Шектеуші факторлар заңдылығы: нақты жағдайларында нашар белгілері бар орта факторы, берілген шарттарда, басқа факторлардың оңтайлы үйлесімділігіне қарамастан, түрдің, популяцияның тіршілік ету қабілетін шектейді.
Берілген заңды Либихтың минимум заңы дейді, бұл атау осы заңды 1840 жылы құрған, агрохимияның негізін салған Ю.Либихтың құрметіне аталған.
Шектеуші факторларға тек минималды емес, сонымен қатар фактордың максималды мағынасы: жоғары сілтілік, топырақта кальций мен натрийдің мөлшерден тыс құрамы, жоғары температура және т.б. болуы мүмкін.
Бұл бақылау Шелфордтың толеранттылық заңының негізінде жатыр (1913ж.): шектеуші ретінде экологиялық әсердің минимумымен қоса максимумы болуы мүмкін, олардың арасындағы диапазон организмнің берілген факторға деген шыдамдылығының көлемін анықтайды.
Факторлардың минималды және максималды түсініктерінің арасындағы диапазонды толеранттылық диапазоны деп атайды.
Нәтижесінде толеранттылық заңы қосымша принциптер қатарымен толықтырылған болатын:

  1. Организмдердің бір факторға қатысты толеранттылықтың кең диапазоны мен басқа факторларға қатысты тар диапазоны болады;

  2. Толеранттылығы кең диапазонды организмдер, әдетте, барлық факторларға кеңінен таралған болады;

  3. Оңтайлылылық болмаған жағдайда экологиялық фактордың бір түрі үшін басқа экологиялық факторларға деген толеранттылығы тарылуы мүмкін;

  4. Көбею кезеңі әдетте критикалық болуы мүмкін; бұл кезеңде көптеген факторлар шектеушіге айналады.

Бірінші принципте белгіленгендей, организмдердің бір факторға қатысты толеранттылықтың кең диапазоны және басқаға қатысты тар диапазоны болуы мүмкін. Стено- қосымшасы бар терминдер «тар», ал эври- қосымшасы барлар – «кең» дегенді білдіреді:

  • стенотермиялық – эвитермиялық (температураға қатысты);

  • стеногидрлық – эвригидролық (суға қатысты);

  • стеногалиндік – эвригалиндік (тұзға қатысты);

  • стенофагты – эврифагты (тағамға қатысты) эәне т.б.

Берілген белгілері бойынша тірі организмдер стенобионтты және эврибионтты деп бөлінеді. Мысалы, Trematomus bermacchii Антарктида балығы – стенотермиялық. Онымен төздірілетін температура диапазоны небәрі 4˚С, -2˚-тан +2˚С дейін құрайды. Шөлейт су қоймасының карнотісті балығы, керісінше, эвитермиялық – судың 10 ˚-нан 40 ˚-на шыдайды және эвригалиндік – әртүрлі суларда өмір сүре алады: өзен суына қарағанда тұщыдан ащыға дейін.
Шектеуші факторлар тұжырымдамасының маңыздылығы оның экологқа күрделі жағдайларды зерттеу барысында бастапқы нүктесін белгілейтінінде. Нақты жағдайды зерттей отыра, эколог мүмкін болатын әлсіз түйіндерді бөліп алып, шектеуші немесе критикалық болуы мүмкін болатын орта шарттарына өз назарын аудара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет