Конспектісі «Экология»


§2. АҒЗА ЭКОЛОГИЯСЫ – АУТОЭКОЛОГИЯ



бет8/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

§2. АҒЗА ЭКОЛОГИЯСЫ – АУТОЭКОЛОГИЯ

Жоғарыда берілген материалда айтылғандай, аутоэкология түрлердің қоршаған ортамен байланысын оқытып, бірлескен экологиялық факторлардың тірі организмдерге әсерін зерттейді. Алдымен организм, тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі сияқты түсініктерді қарастырып көрейік.




2.1 Организм, оның мекен ету жағдайлары. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Организм мен мекен ету ортасының өзара әрекеттесуі
Экология объектілерінің спектрі биологиялық одақтастықтардың үлкен бөлігін қамтиды және бірлік ағзадан биосфераға дейін созылады. Әдетте организмдік, популяциялық, экожүйелі және биосфералық деңгейлерді ажыратады (2.1 – сурет).
Экологияның элементар объектісіне белгілі бір популяцияға жататын және табиғи орта шартында бақыланатын тірі организм жатады. Көп жағдайларда экологиялық зерттеу объектісіне ағзалардың, популяциялардың, бір не бірнеше өзара әрекеттесетін түрлердің немесе өзгермелі табиғи ортада тіршілік ететін көптүрлі одақтастықтардың бір тобы жатқызылады. Популяция мүшелерінің бірігуі экологиялық жүйе

2.1 – сурет – Тірі организмдердің ұйымдасу деңгейі


шектерінде кіші немесе элементар жүйені құрайды. Қоректену типімен сәйкесетін алуан түрлердің популяцияларының бірігуі келесі, аралық жүйелерді – ассоциациялар, бір типті одақтарды құрайды. Әртүрлі трофикалық топтар мүшелерінің бірігуі экологиялық жүйенің толық құрылымдық ансамблін аяқтайды. Экожүйе деңгейі заттардың тұрақты айналымы мен организмдер ұйымының жалпы ортасының құрылуын қолдайды. Иерархияның ең жоғары баспалдағын экологиялық және экологиялық-экономикалық жүйелердің бірігуі ретіндегі биосфера алып отыр.


Организмдер – бұл шынайы өмір тасушылар, өздері өмір сүріп жатқан қоршаған ортамен зат алмастыратын жекеленген «ұяшықтар». Орта деп экологияда тірі организмге қатысты сыртқы дүниенің күші мен денелерінің бірігуі деп түсінеді. «Тіршілік ортасы» терминін белгілі бір өсімдіктің не жануардың түрі үшін тіршіліктің сипатты табиғи жағдайын белгілеу керек болғанда қолданады.
Ал кеңінен қолданылатын «қоршаған орта» түсінігі организм тікелей әрекеттесетін элементтерімен байланысты экологиялық ортаның бір бөлігіне сәйкес келеді. Әдетте бұл түсінікті адамға қатысты, соның ішінде адамды қоршап жатқан ортаға байланысты қолданады.
Тірі организмдер қоршаған ортадан қажетті заттарын алып, өз кезегінде басқа организмдермен пайдаланылуы мүмкін болатын керек емес алмасу өнімдерін бөледі. Тек алмасу өнімдері ғана емес, сонымен қатар, организмдердің өзі, тірі кезінде, я болмаса өлімнен кейін де басқа тірі заттарға жем болады.
Созылмалы эволюция процесінде тірі организмдер тіршілік ортасының нақты қасиеттерін толығымен игергенін белгілеу қажет. Тіршілік ортасы – тірі организмді қоршайтын және онымен әрдайым әрекетке түсетін табиғаттың бір бөлігі.
Ортаның құрамдас бөліктері мен қасиеті көптүрлі және өзгермелі. Кез келген тірі ағза күрделі, қайта-қайта өзгеріске ұшырайтын өмірде, оған үйренісіп және өзінің өмір ұстанымын реттеп отырып тіршілік етеді.
Тіршілік ортасы ең алуан түрлі жеке жағдайлардан немесе орта элементтерінен – климаттық, топырақты, биотикалық элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы осы не басқа дәрежеде тірі организмге тікелей немесе жанама әсер етуге қабілетті.
Бұл жерде олардың бірі организмге қажет болса, екіншісі керісінше, зиянды; және оларға әсері мүлдем тимейтіндері де болады.
Тірі организмдер табиғи қоршаған ортада тіршілік етеді және оларға қандайда бір шарт не орта элементі ретінде қарастырылатын экологиялық факторлар әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет