Конспектісі «Экология»



бет6/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Популяциялық экология (немесе демэкология) популяцияның кеңістіктегі құрылымын, олардың генетикалық құрамын, сандар динамикасын, түрлі жастар аралығындағы топтарымен қатынасын зерттеп оқытады.
Биогеоценология (немесе синэкология) экожүйелер, биоценоздар мен биогеоценоздардың әртүрлі параметрлері мен құрылымын зерттейді. Белгіленген экология бөлімдерімен Сіздер төменірек қарай танысасыздар.
«Жаһандық экология» сияқты экология бөлімі салыстырмалы түрде аз уақыт бұрын пайда болды. Ол экологиялық процестер мен биосфераның дамуының заманауи үрдістерін жаһандық деңгейде қарастырады; толықтай адам қоғамдастығының тіршілік етуі үшін мағынасы бар әсерлерді, Homo sapiens популяция түрі мен заманауи өркениеттің сақталу әрекеттерін зерттейді.
Экологияны негізгі бөлімдерге бөліп қарастыру 1.1-суретте бейнеленген.


1.1-сурет – Экология және оның негізгі бөлімдері


Геоэкология географиялық тиесілілігінің көзқарасынан организмдер мен тіршілік ортасының қарым-қатынасын зерттейді. Оған кіретіні: орта экологиясы (ауадағы, жердегі, топырақтағы, судағы және т.б.), табиғи-климаттық аудандардың экологиясы (тундра, тайга, қырлар, шөлді жерлер т.с.с.), географиялық облыстардың, аудандардың мемлекеттердің, континенттердің экологиялық сипаттамасы.
Адам экологиясы – адам әрекетін жеке, дербес тұлға ретінде оны қоршап жатқан табиғат пен әлеуметтік ортамен байланысын зерттейтін дисциплина тобы.
Қолданбалы экология – адам әрекетінің түрлі аудандарымен және адам қоғамының табиғатпен арасындағы қарым-қатынасымен байланысты дисциплиналарының үлкен бір тобы. Ол экономикалық экологиялық критерийлерін топтастырады, табиғат пен қоршаған ортаға антропогенді әсерінің механизмдерін зерттейді, оның сапасын қадағалап, табиғи ресурстарды пайдалану нормативтерін негіздейді, шаруашылық әрекетін экологиялық регламенттеуді жүзеге асырады және т.б.


1.4 Экология білімдері мен мәдениетінің құрылуы. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі
Өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін «табиғат үйіне» қамқорлық таныту, әлбетте, алғашқы адамның қолында болатын. Тірі қалу үшін, адам, оны қоршап жатқан орта жайлы, табиғат күші, өсімдіктер мен жануарлар туралы, олармен қалай пайдаланатынын, осының барлығын білуге тиісті болды. Өркениетті, адам тіршілік ететін орнын өзгертуге мүмкіндік беретін, жылынуға, тамақ жасау үшін, т.с.с. мақсатта от пен басқа қару жарақтарды пайдалануды үйренгенде пайда болды деп есептейді. Адам-жинақтаушы жан-жаққа қараумен болды: қайда және қандай жерлерде жеуге келетін өсімдіктер жиналғанын, балық қайда ауланатынын, құстар мен жануарлар жүретін жерлерді қарастырып, тіршілік әрекетін жалғастырып отырды.
Қазіргі заманның өзінде адам табиғатпен тікелей байланысты.
Заманауи экология дисциплинааралық сипаттағы негізгі фундаментті ғылымдардың бірін білдіреді.
Өткен жүзжылдықтың 20...30 жылдарын экологияның «алтын ғасыры» деп атайды. Осы уақытта популяцияның өсуі мен олардың арасындағы қарым-қатынасын сипаттайтын базалық теориялық модельдер құрылған болатын.
Бүгінде көптеген ғалымдар экологияны тірі организмдердің не организмдер топтарының қоршаған ортамен байланысы, тірі организмдер мен олардың өзі өмір сүріп жатқан мекенімен байланысы жайлы ғылым деп есептейді; мұнда адам баласы табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл тым жалпыланған құрылым қосымша толықтырулар мен дәлдемелерден өткен болатын. Және сол жайлы сөз таластар әрі қарай жалғасын табуда. Олар экология пәніне, зерттеу объектісіне, осы ғылымның шекараларына және олардың басқа шекаралармен байланысына, білімнің жақын аймағына қатысты.
Осылайша, Ю.Одум қысқа және ең мамандандырылған анықтаманы, дәлірек айтқанда: экология – бұл «қоршаған ортаның биологиясы» (environmental biology) анықтамасын ұсынды.
Уақыт өте келе адам әрекетінің көптеген сфераларында «экологияландыру» жүріп жатыр. Экологиялық тәсілдеме барлық жаңа ұстанымдарды жаулап алды және экология түсінігі біршама кеңейді. Бұл «экология» түсінігінің жырмалануына және зерттеу пәнінің жойылуы мен басқа ғылым салаларымен нақты шекараларын жоғалтуға әкеп соқты.
ХХ ғасырдың соңында, ғылым ретіндегі экология дисциплинааралық бола бастады және биологиялық, геологиялық-географиялық, техникалық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың торабында тұр деген ой туындады. Экологияға қатысты ең алғаш классикалық көріністер енді артқы орындарға бірте-бірте жылжып, қазіргі уақыттың экологиялық мәселелерімен шиеленіседі. Жалпыға қарсыластырып қойылған қолданбалы экология туралы, экологиялық процестер мен жаһандық деңгейдегі биосфераның дамуының заманауи үрдістерді, мемлекеттердің экономикасымен байланысын, әлеуметтік құрылғылары мен индустриалды дамудың алуан түрлі деңгейін қарастыратын жаһандық экологияға қарағанда көп әңгіме қозғалмайды. Экологиялық қауіпсіздік, экологиялық дағдарыс, экологиялық төтенше жағдай, экологиялық мәдениет пен экологиялық құлықтылық және т.б. жаңа терминдер пайда болды. Классикалық экология негізінде білімнің бүтіндей жаңа аймақтары – қауіп-қатердің биосфераға антропогенді әсерін талдау мен бағалау пайда болып, әрі қарай дамуда. Олардың, қоршаған ортаға деген техногенді әсерлерін болар нәтижелермен тұрғындардың денсаулығы мен табиғи экожүйелерге тиетін зақымды азайту мақсатында байланыстыратын таза практикалық сипаты бар.
Жеке ғылыми дисциплина ретіндегі заманауи экология көптеген ғылыми бағыттардың қиылысында пайда болып, биологиялық, техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқадай бағыттарды, адамның (қоғамның) алуан түрлі организмдермен және табиғаттың өлі элементтерімен қарым-қатынасы мен байланысын зерттеп оқытатын ғылымға айналды, «адам-табиғат» жүйесіндеғы қарым-қатынасты оңтайландыруға жәрдемдесті.
Экология синтетикалық ғылым болып табылады. Аутоэкология, демэкология, синэкология – биология, ботаника, зоология, география, климатология және т.б. сияқты ғылымдармен тығыз байланыста. Әлеуметтік экология тарих, антропология, әлеуметтану, медицина, демография сияқты ғылым салаларынсыз зерттелуі мүмкін емес. Қолданбалы экология ғылымның техникалық және технологиялық салаларын, сонымен қатар, экономиканы, табиғатты пайдалану, құқықтану, химия, физиканы қозғайды. Жаһандық экология саясаттану, дүниежүзілік экономикамен және басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.
Осылайша, экологияның жетістіктері қазіргі заманғы актуалды мәселелердің қатарын шешуде фундаменттің қызметін атқарады. Дүние жүзінің ғалымдары экология – келешектің ең маңызды ғылымдарының бірі деген оймен келіседі. Экологиялық принциптер ғылым мен өнеркәсіптің кең ауқымды аймағын келе-келе зерттеуде. Жаңа синтетикалық бағыттарды құру – объективті процесс, ол қазіргі заманғы қоғам дамуының бірқатар мәселелерін шешудегі экологияның рөлінің артуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет