Конспектісі «Экология»


ТАРАУ. БИОСФЕРА ЖӘНЕ НООСФЕРАНЫ ЗЕРТТЕУ



бет24/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

2 ТАРАУ. БИОСФЕРА ЖӘНЕ НООСФЕРАНЫ ЗЕРТТЕУ


§5. БИОСФЕРА МЕН ОНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Биосфера – барлық биологиялық түрлер, соның ішінде адам тіршілік ететін Жер қабаты. Биосфераны, оның қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу экология ғылымының ажырамас бөлігі болып табылады.




5.1 Биологиялық ұйымдастықтың негіздері. Биогенді элементтер
Биосфераның биологиялық ұйымдасуы келесі принциптерге негізделеді:

  1. Жүйенің белгілі бір құрылымдық ұйымдастығы болуы керек. Биологиялық жеке түрлерді басқарудың негізгі құрылымдық ұйымдастығы – биологиялық ақпаратты микромолекулалардың құрылуы, жасушалардың құрастырылуы мен көпжасушалы организмдердің жасушалы ұйымдастығы болып табылады. Ағзадан жоғары деңгейде бұл жағдай биологиялық қоғамдастық құрылымымен – әртүрлі күрделіліктегі экологиялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.

  2. Концентрленген (ыдырамайтын) энергия қоры қажет, ол сигналдарды қосу мен оларды қабылдау үшін қолданылады, оларды реттеп, сақтап, құрылымын іске қосады.

  3. Ағымдағы энергияны босату мен пайдалану үшін, алдымен химиялық реакциялардың потенциалды тосқауылдарын төмендететін заттар – катализаторлар; ал екіншіден, бос энергияны молекулалық ақпаратқа және физиологиялық жұмысқа тасымалдайтын молекулалар-түрлендіргіштер қажет. Катализаторлар функциялары мен жасуша құрамындағы көптеген түрлендіргіштерді ферменттер атқарады.

  4. Әрбір реакция сайын тірі жүйеде катализаторлардың, энергия тасымалдаушылар мен каркас құрылымдылардың белгілі бір бөлігі жұмсалады. Олардың қайта жандандырылуы мен толығымен сақталуы үшін қоршаған ортаның заттай және энергия ағыны – қорек көзі қажет.

  5. Ақпаратты функцияны атқаратын жасушалы құрылымдарда есепке алу мен ақпаратты жүзеге асыру бағдарламалары кодталған. Мұндай бағдарламалардың екі түрі белгілі:

  • көшірілетін биосинтез (генетикалық жады) құрылымын қалпына келтіру бағдарламалары; олар организмдердің нуклеин қышқылдарының молекулалық құрылымында – геномда кодталған;

  • сонымен қатар, геноммен анықталатын – жекелеген жануарлардың қимыл-қозғалысының оперативті әсер ету бағдарламасы (сигнал жады); олар нейронды құрылым желілерінде жазылып алынған.

  1. Өмірлік әрекеттің жоғары динамикалылығымен қатар тірі жүйелердің ішкі ортаның болмыш параметрлеріне қатысты тұрақтылығын сақтау мен зат алмасу процесінің қалыпты өтуін сақтау қабілеттілігі, қысқаша айтқанда – гомеостазға қабілеттілігі бар.

  2. Әрбір тірі жүйеде қайтарылмас құрылымдық өзгерістердің бірқалыпты қабаттасуы мен қоршаған орта факторлары оның уақыт бойынша іске асуын шектейді. Сондықтан да кез келген жасуша мен организм өз өміріне түсетін қауіпті күтпей, өздігінен қалыпқа келуге ұмтылады. Жаңғыртылу организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгермелілік қасиетін ескертеді.

  3. Тұқым қуалайтын өзгерістер мен оларды қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты таңдау генетикалық адаптацияны, түрдің пайда болуы мен биологиялық алуан түрліліктің жоғарылауымен түсіндіріледі. Олар да озатын реакциялар ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ экологиялық жүйелер жағынан қарағанда, организмнен жоғары деңгейде: егер өмірлік шарттар өзгеретін болса, онда түрлердің алуан түрлілігі жаңа шарттарға қатысты жақсырақ бейімделген формалардың есебінен тіршілікті сақтап қалудың үлкен мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нейтралды мутациялар мен гендердің дрейфтерін бекітумен бұл жағдай биологияның бірқатар эволюциялық процестерімен түсіндіріледі.

Тірі организмдер – өзгерістерге жоғары тұрақтылығы мен жіңішке сезімталдылығы тіркесетін қасиеттерді өзіне қосатын көпкомпонентті ашық жүйелер. Мәтінде белгіленген тірі жүйенің қасеттерінің мақсаты – өзін-өзі сақтау, мұның жеткілікті түрде кең түсінігі бар, яғни өзіне қосатын өзін-өзі жандандыру мен ұрпақтан ұрпаққа прогрессивті жалғасуы, соның ішінде адам үшін де, оның табиғи және әлеуметтік ортадағы қоғамына «өмірдің мәні» түсінігі толықтай жойылады, бұл жерде генетикалық және мәдени (ақпараттық) ұрпақ туралы әңгіме қозғалуда, бірақ табиғаттағы монополизм мен түрлік өзгешеліктен бас тартқан жағдайда.
Тірі организмдер қоршаған ортамен заттай және энергиямен алмасудың үзіліссіз күйінде болады. Организмдердің тіршілік ету қабілеттілігі үшін қажет болатын химиялық элементтердің комплексі – биогенді элементтері болады, олар әрдайым организмдердің құрамына кіріп, белгілі бір биологиялық функцияларды атқарады. Мұндай химиялық элементтерге жататындары: кальций, оттегі, сутегі, натрий, көміртегі және т.б.
Функционалды қызметі бойынша оларды келесі топтарға бөліп қарастырады:

  • органогендер, организмде олар шамамен 97,4% (C, H, O, N, P, S);

  • электролитті фонды элементтер (Na, K, Ca, Mg, Cl). Берілген металл иондары организмнің құрамында болатын металдың жалпы құрамының 99%-ын құрайды.

Организмдегі элементтердің концентрациясына байланысты биогенді элементтерді келесі топтарға бөледі:

  • макроэлементтер;

  • микроэлементтер;

  • ультрамикроэлементтер.

Құрамы дене салмағынан 0,01%-ға асатын биогенді элементтер макроэлементтерге жатады. Оларға органогендердің, электролитті фон иондарының, темірдің 12 элементтері жатқызылады. Олар тірі субстраттың 99,99%-ын құрайды. Қайран қаларлық жағдай – тірі тіндердің 99%-ы тек алты элементті құрайтынында: С, Н, О, N, Р, Са. Ал К, Na, Mg, Cl, Fe, S элементтері олигобиогенді элементтерге жатады. Олардың құрамы 0,1-ден 1%-ға дейінгі аралықта ауытқиды. Сомалық құрамы 0,01% көлемін құрайтын биогенді элементтер микроэлементтерге жатқызылады. Олардың әрқайсысының құрамы 0,001% ( ). Микроэлементтердің көбісі негізінде бауыр тінінің құрамында болады. Бұл микроэлементтер депосы. Кейбір микроэлементтердің белгілі бір тіндерге туыстығы болады (мысалы, йодтың қалқанша безіне туыстығы, фтордың тіс эмаліне, цинктің ұйқы безіне, молибденнің – бүйрекке тұыстығы т.с.с.). Құрамы  - кем болатын элементтер ультрамикроэлементтерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет