Конспектісі «Экология»


ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ



бет3/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ


§1. ЭКОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ


Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Оның даму тарихы.
Экология – түрлі дәрежедегі жүйелердің: популяцияның, түрлердің, биоценоздардың, экожүйелер мен биосфераның топтастырылуы мен ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым. Көп жағдайларда экологияны тірі организмдердің өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтайтын ғылым деп тұжырымдайды. Бұл жерде тірі организмдерге тек адамзат баласы ғана жатпайды. мұнымен қатар табиғаттың қалған барлық тіршілік қабілеті бар: жануарлар, өсімдіктер, қарапайым организмдер. Қоршаған орта толығымен Дүниежүзі түсінігін береді. Заманауи экология, сонымен қатар, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты зерделейді. Экология ғылым ретінде алғаш 1868 жылы, яғни ғылымға бұл түсінікті бірінші болып Э.Геккель енгізген жылы пайда болды, оның пайымдауынша: «Бұл барлық тіршілік иесінің бір уақыттағы қоршаған ортаның органикалық және бейорганикалық құрамдас бөліктерімен, соның ішінде бір-бірімен араласатын жануарлар мен өсімдіктердің антагонисттік және антогонистті емес қарым-қатынасын қосатын табиғат экономикасының түсінігі».
Жалпы алғанда, экологияның ғылым ретіндегі даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
І кезең (XVII-XVIII ғғ.) – дүниеге келу кезеңі, мұнда бақылауды жалпылау, тірі организмдердің олардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасы жайлы ақпараттар жинақталып отырды, алғашқы талдаулар (анализ), жүйелендіру мен жинақталған білімдерді жалпылау жүзеге асырылды. Бұл кезеңдегі көптеген биологиялық жазбаларға экологиялық деректер қосылды (Ж.Бюффон, К.Линней, Ж.Ламарк және т.б.). Алғаш рет табиғат ресурстарының шектелуі мен адамның табиғатқа қолайсыз жағдайлар туғызу мүмкіндігі жайлы теория ұсынылды (Т.Мальтус теориясы).
ІІ кезең (XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың 50-жылдарына дейін) – экология білімнің жекеленген саласына бөлінеді. Органикалық өмірдің эволюциясының негізгі факторларын анықтаған Ч.Дарвин зерттеулері неміс экологы Э.Геккельді «организмдердің тіршілік үшін күресі» онымен экология атағын иемденген биологияның жекелеген саласы - осы экология түсінігі деген ойға итермеледі. Заманауи уақытқа дейін актуалды болған принциптер мен түсініктердің бірқатары құрастырылған орыс ғалымдарының жұмыстары пайда болады (К.Рулье, Н.А. Северцов, B.B. Докучаев). ХХ ғасырдың 30-40 жж. (1935 ж.) А.Тенсли алғаш экожүйе түсінігін ұсынады, кейінірек В.Н. Сукачев (1944 ж.) экожүйе түсінігіне мағынасы жақын биогеоценоз жайлы түсінікті негіздейді. Дәл осы кезеңде орыстың ең ірі ғалымы В.И. Вернадский биосфера жайлы терең білімін жасап шығарады. ХХ ғасырдың басында экология жеке ғылым ретінде тұжырымды түрде тіркелді. Өткен жүзжылдықтың 20...30 жылдарын экологияның алтын ғасыры деп атайды.
ІІІ кезең (ХХ ғасырдың 50-жылдарынан қазіргі уақытқа дейін) – экология дамып келе жатқан ластану мен адамның қоршаған ортаға кенеттен әсер етуінің күшеюімен байланысты маңызды түсінігін иемденіп, комплексті ғылымға айналып бара жатыр, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері реттеліп жатыр. Н.Ф. Реймстің айтуынша экология «қатал биологиялық ғылымнан, өзіне география, геология, химия, физика, саясаттану, мәдениет, экономика теориялары т.б. бөлімдерін қоса отырып, білімнің үлкен көлемді цикліне айналып жатыр...».
Қазіргі уақытта экология көп компонетті тірі жүйелердің (биологиялық түр мен социум ретінде адамды да қоса алғанда) қоршаған ортаның табиғи және жасанды факторларымен қарым-қатынасы жайлы білімнің дисциплинааралық аймағына айналды. Экологияның негізгі құралдарына қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, дүниежүзілік экологиялық-экономикалық жүйе, оның экономикалық және экологиялық жүйелері арасындағы заттай тепе-теңдігі жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет