Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ технологиялары) мен әртүрлі аудандар, аймақтар, ландшафттер, агрожүйелер, өндірістік орталықтарына, қалаларға жататын экологиялық ақпараттар банкін құру;
Экологиялық жөндеу жұмыстарын жүргізу мен экологиялық жағдайды сауықтандыру мақсатында территорияларға күйін комплексті түрде экологиялық-экономикалық талдау жүргізу;
Оңтайлы орналастыру, жобалау, азаматтық және шаруашылық объектілерін құру мен реконструкциялауға қажетті инженерлік-экологиялық ізденістер әдісі;
Экологиялық сәйкестендіру есептері мен принциптеріне негізделген, азаматтық және шаруашылық объектілерін экологиялық бейімді жобалау әдістері;
Қалдықтарды, зиянды эмиссиялар мен өндірістік комплекстердің, процестердің, құрылғылар мен бұйымдардың зиянды әсер ету коэффициентін төмендетудің технологиялық әдістері;
Техногенді ластанулар мен қоршаған ортаны деградациялаудың адам денсаулығы мен табиғи жүйелердің күйіне әсер етуін бағалау әдістері;
Шаруашылық әрекетінің экологиялық регламенттелуін бақылау әдістері: экологиялық мониторинг; экологиялық аттестация мен шаруашылық объектілерін, аумақтық табиғи-өндірістік комплекстерді құжаттау; экологиялық эксперттеу; қоршаған ортаға объектілердің жобаланатын және құрастырылатын, күтілген әсерлерге баға беру.
1.3 Заманауи экологияның құрылымы мен негізгі бөлімдеріЭкология жалпы және жеке экология болып бөлінеді. Жалпы экология биосферадағы әртүрлі жүйелер мен қоғамдастықтарды топтастыру мен ұйымдастырудың сипаттамалары мен принциптерін зерттейді. Жеке экология анықталған рангінің нақты топтарын зерттеумен айналысады: адамзат, қалалар, жан-жануарлар экологиясы және т.б. Басқа да экология бөлімдерін ажыратады.
Факторлы (немесе ауто-) экология түрлердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеп, экологиялық факторлардың тірі организмдерге қосарласқан түрде тигізетін әсерін айқындайды.