Конспектісі «Экология»



бет36/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

7.1.1 Су айналымы. Су – кез келген тірі организмдер құрамындағы қажетті зат. Біздің жерімізде судың негізгі массасы гидросферада шоғырланған. Су қоймаларының булануы атмосфералық ылғалдылықтың көзін құрайды; оның конденсациясы жауын-шашын туғызады, соңында су мұхитқа қайтады. Бұл процесс Жер бетіндегі судың үлкен айналымын құрайды.
Жеке экожүйелер шегінде үлкен айналымды күрделендіретін және оның биологиялық маңызды бөлігін қамтамасыз ететін процестер жүзеге асырылады. Қағып алу процесінде өсімдіктер жауын-шашынның бір бөлігін, ол жер бетіне жеткенше атмосфераға буландырып жібереді. Жерге түскен жауын-шашынның суы оған сіңіп топырақ дымқылдылығының бір формасын құрайды немесе беткі ағындарға қосылады; топырақ дымқылы капиллярлар арқылы жер бетіне шығып буға айналып кетуі мүмкін. Жердің өте терең қабаттарындағы ылғалдылық өсімдіктер тамырларына сіңіріледі; олардың бір бөлігі жапырақтарға жетіп атмосфераға транспирленеді.


Эвапотранспирация – бұл судың экожүйеден атмосфераға жалпы қайтарымы. Оған физикалық түрде буланатын су және өсімдіктермен транспирленетін ылғалдылық кіреді. Транспирация деңгейі алуан түрлі түрлер үшін және әртүрлі ландшафтылы-климаттық зоналарда ажыратылады.
Жерге сіңген су көлемі оның ылғал сыйымдылығынан асса, ол жер асты сулар деңгейіне жетеді және солардың құрамына кіреді. Жер астындағы ағын топырақ дымқылдылығын гидросферамен байланыстырады.
Осылайша экожүйелер шегінде су айналымы үшін қағып алу, эвапотранспирация, инфильтрация процестері ең маңызды.
Жалпы алғанда, көміртегі, азот және басқа элементтерге қарағанда су тірі организмдерде жинақталмайды және байланыспайды, керісінше, экожүйелер арқылы шығынсыз өтеді; экожүйенің биомассасының қалыптасуына жауын-шашынмен түсетін судың 1%-ы пайдаланылады.
7.1.2 Көміртегі айналымы. Көміртегі табиғатта көптеген формаларда, сонымен бірге, органикалық қосылыстар құрамында кездеседі. Бұл элементтің биогенді айналымының негізінде жатқан неорганикалық зат – көмірқышқыл газы СО2. Табиғатта көмірқышқыл газы атмосфера құрамына кіреді және де еріген күйде гидросферада болады. Көміртектің органикалық заттың құрамына кіруі фотосинтез процессі кезінде болады, нәтижесінде СО2 және Н2О негізінде қант пайда болады. Мұнан былай биосинтездің басқа процестері бұл көмірсутектерді өте күрделілерге (крахмал, гликоген) және де протеидтерге, липидтерге және т.б. айналдырады. Барлық бұл қосылыстар фотосинтездеуші организмдердің трактарын құрып қана қоймай, жануарлар және жасыл емес өсімдіктер үшін органикалық заттардың көзі ретінде қызмет етеді.
Тыныс алу процесі кезінде барлық организмдер күрделі органикалық заттарды тотықтырады; бұл процесстің ақырғы өнімі СО2, ол сыртқы ортаға шығып фотосинтез процесіне қайта қатыса алады.
Тірі организмдердің тіндеріндегі көміртегісі бар органикалық қосылыстар, олардың өлімінен кейін организм-редуценттер арқылы биологиялық бұзылуға ұшырайды, нәтижесінде көмірқышқыл түріндегі көміртегі қайтадан айналымға түседі. Бұл процесс жер тынысының мәнін құрайды.
Көміртегінің көп бөлігі мұхитта болады. Атмосферадағы СО2 көлемі басты түрде осы берілген көміртегіге байланысты болады. Мұхит ауадан артық көмірқышқыл газын сіңіреді, нәтижесінде карбонатты және бикарбонатты иондар түзіледі. Кері процесс те бар, яғни ол кезде көмірқышқыл газы мұхиттан атмосфераға бөлінеді. Осылайша, мұхит атмосферадағы СО2 концентрациясын индустриализация факторы (атмосфераға СО2 шығарылуы, ормандардың кесілуі) қатыспағанша дейін ұстап тұрады. 7.1 – суретте табиғаттағы көміртегі айналымы процесінің схемасы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет