Конспектісі «Экология»


Ормандардың өртенуі және жойылуы



бет46/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

8.3.3 Ормандардың өртенуі және жойылуы. Әлемнің көптеген аймақтарында ормандардың тіршілігін жоюына басты себепкер электростанциялар, қышқыл жаңбырлар болып табылады. Күкірт оксидінің лақтырысы және оның үлкен аймаққа таралуы лақтырыс көзінен алыс жерде осындай жаңбырдың жаууына әкеп соғады. Қышқыл жаңбырдың үлкен қашыққа ауысуының тағы бір мысалы, Атлант мұхитының Бермуд секілді жекеленген аралдарында қышқыл жаңбырлардың жаууы және Арктикада қышқыл қардың жаууы болып табылады. Әлемде соңғы 30 жылда 200 млн гектарға жуық орман массивтері жойылды, бұл АҚШтағы Миссисипидің шығыс ауданына тең. Әсіресе «ғаламшардың өкпесі» және ғаламшардың биологиялық түрлілігінің көзі болып табылатын тропикалық ормандардың сарқылуы үлкен экологиялық мәселе төндіреді. Мұнда жыл сайын 200 мың км² оталады және өртеледі, яғни жануарлар мен өсімдіктердің 100 мың (!) түрі жоғалады. Бұл процесс тропикалық ормандарға ең бай – Амазония және Индонезия аймақтарында тез жүреді.
8.3.4 Шөлге айналу. Тірі ағзалардың, судың және ауаның әсерінен литосфераның беткі қабатында біртіндеп «Жердің терісі» деп аталатын, жұқа, әрі нәзік топырақ қабаты маңызды экожүйе пайда болды. Бұл өмір мен құнарлылықтың сақтаушысы. Жақсы топырақтың бір уысы құнарлылықты сақтайтын миллиондаған микроағзалардан тұрады. Қалыңдығы 1 см болатын топырақ қабатының пайда болуы үшін жүзжылдық қажет. Ол бір егін маусымында жоғалуы мүмкін. Геологтардың бағалауы бойынша адамдар жерді қопарып, мал бағып, ауылшаруашылығымен айналысқанға дейін жыл сайын өзендер дүниежүзілік мұхитқа апарды. Қазірде бұл көлемді жуықпен 25 млрд. тонна деп бағалап отыр.
Топырақ эрозиясы – аса жергілікті жағдай – қазірде жалпы сипатта болып отыр. АҚШ та өңделетін жерлердің шамамен 44 пайызы эрозияға ұшыраған. Ресейде орыс ауылшаруашылығының цитадельі аталған бай гумусты (топырақтың құнарлылығын анықтайтын органикалық зат) бірегей қара топырақ жойылды.
Әсіресе тек топырақтың беткі қабаты ғана емес, одан дамитын аналық топырақтың бұзылуы ауыр жағдай туғызады. Сол кезде қайтымсыз бұзылыс, антропогендік шөл пайда болады.
Табиғи шөлдер және жартылай шөлдер Жер бетінің 1/3 бөлігін құрайды. Бұл жерде дүниежүзі халқының 15 пайызы өмір сүреді. Шөлдер табиғи жолмен пайда болған, ғаламшардың ландшафттарының жалпы экологиялық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады.
ХХ ғасырдың соңғы тоқсанында адам іс әрекетінің нәтижесінде 9 млн км²-ден артық шөлдер пайда болды және құрлықтың жалпы аумағының 43 пайызын алып жатыр.
90 жылдары 3,6 млн гектар құрғақ жерлерге шөлейттену туды. Бұл әлеуетті өнімді құрғақ аудандардың немесе құрлықтың жалпы ауданының 70 пайызын құрайды, бұл мәліметтер табиғи шөлдер аумағын қоспағанда.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, қазіргі әлеуетті жерлердің жоғалуы әлемді жүзжылдықтың соңына қарай егістік жерлерінің 1/3 бөлігінен жойылуға әкеледі. Мұндай жоғалымдар халық санының және азықтыққа қажеттіліктің бұрын - соңды болмаған арту кезеңінде апатты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет