Лирикалық жанрлардың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл-күйі қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішіндайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтықты білдірсе, кейде мұң , зарды, кейде көңілдің би-жай қоңыр күйін сездіруі мүмкін. Бар адамды бір адамның (ақынның) «қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлер…»(Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болдсын да … ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын, - дейді Белинский, - өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, - жалпы жұрт туралы айтса, - жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».
Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге бөлінеді. Олардың ода, элегия, сатиралық лирика, сонет, мадригал деген түрлеріне тоқталамыз.
Ода (грекше – ode - ән, жыр.) XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың бір түрі. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өтеи көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдері ода деп аталады.(мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.) . Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды. Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болды. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарапй ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
Әр түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де болған және күні бүгінге шейін бар.
Элегия (грекше elegos – мұң.) XVIII ғасырдың аяқ кезі, XIX ғасырдың бас кезінде орыстың дворян әдебиетіндегі оданы шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды.
Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін XIX ғасыр деп айтуға болады. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де элегияға жатады.