Драма (грекше drama – қимыл, әрекет) - әдебиеттің ъүшінші тегі, шын
Дықты айрықша тәсіллдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қолкөрсететін күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика «ақиқат әлемнің екі қиыры» болса, драма – сол екі қиырдың қосындысынан туған «үшінші, тірі, өз алдына бөлек», аралық әлем – «поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі».
Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді. Бұлар өзара суреттемек болған оқиғасын және оқиғаға қатысушыларды талғап алу түріне қарай айырылады.
Көркем шығармалар түрлі оқиғаларды, күресті көрсетеді. Көздеген өз мақсаттарына жету үшін, қатысушылар бір-бірімен ішкі (психологиялық) және сыртқы бөгеттермен күреседі.
Трагедия(грекше – tragos – ескі, ode - ән, жыр.). Трагедия сахнаға арналып жазылады.Мұндағы көрсетілетін күрестің өзгешелігі,автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді.Трагедияның көпшілігі-ақ қаһарманның өлімімен аяқталады.Адамның жолындағы «жеңуге болмайтын» ең қорқынышты, ең маңызды күштер қайсы, - ол жазушының өмірді қалай танитындығына, таптық көзқарасына байланысты. Әр таптың жазушысы «жеңуге болмайтын» қиыншылықтарды өзінше түсінеді. Ескі гректердің трагедияларында (мысалы, Эсхилдың трагедиясында) жазмышпен, тағдырмен күресте қаһармандары өлім табады.
Мысалы, Софоклдың «Патша Едип» трагедиясында, Едип әкесін өлтіріп, өз шешесіне үйленуге тиіс деп, жазмышта солай жазылыпты-мыс деседі. Едип бұдан қашуға түрлі амалдар қолданады. Бірақ Едиптің өзі білмей қалып, жазмыштың айтуын орындап шығады. Оқиға солай құрылады. Өмірді бұлай түсіну-бүтіндей тағдырға бағынушылық. Табиғаттың,қоғамның даму заңдарын білмегендіктен туады. Бұл туралыМаркс: «Гректің ұлы ақындары, Микен мен Фивте болған корольдардың өмірін жан түршігерлік драма ғып жазғанда, сол заманның білімсіздік қараңғылығын тағдырдың ауыр бұйрығы деп ұғындыра көрсетеді», - дейді.
Трагедия ежелгі Эллада елінде, адам баласының сәби санасы іңір қараңғысындай Миф тұтқынында тұрған тұста, көне гректщерге көктем сайын жүзім шарапшаттығын сыйға тартатын теке тұрпаты Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен салтанатынан туғаны белгілі. Мұндай сайранды ұйымдастырушы топ хор боп қосыла жамырап, Дионис туралы аңыз – трагедия (трагос – теке, одэ - ән), яки текенің әнін орындайтын болған. Келе-келе текенің әнін орындаушылар түсін бояп кәдімгі теке түрінде киініп, қимыл-қозғалыстары арққылы қалың жұртқа текенің азабы мен ажалын көрсеткен. Трагедия дүниеге о баста осылай келген.
Драматургияның бір түрі – комедия (грекше komadia - күлкілі қызық, ән) - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақөпен сынап, айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, «өмірдің биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын, үсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын» (Белинский) суреттеғиді.
Комедияның басы да трагедия сияқты, баяғы Дионис мейрамында жатыр: өлген «текенің» қайта тірілуін көне гректер енді комедия мен (космос – көңілді топ, одэ - ән), яки көңілді әнмен, қызық бимен, күлдіргі ойындармен құттықтаған. Кейін шын мәніндегі театр өнеріне айналған.
Драма – сахнаға қоюға лайықтап жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Драмада әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, аур халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінің кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерліккүлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейін туған.
Трагедия адамның жеңуіне болмайтын, адамның күшінен тыс күштермен күреседі. Ал драмадағы қиыншылық ондай емес, мезгілмен, белгілі жағдаймен байланысты болып келеді.
Мысал үшін Мұхтардың «Түнгі сарынын» алалық. «Түнгі сарында» байларға қарсы шаруалардың көтерілісін көрсетеді. Сол көтерілістің негізгі себептерін ашады.
Ауыр дерттейбайлардың еңбекшілерді қанаушылығы еңбекші бұқараның революцияшыл қозғалысын туғызды деп дәлелдейді. Тартыстың белгілі бір мезгілде, осы сықылды жағдайда болғанын айтады. Бұл тартыста екі таптың өкілі етіп бірнеше адамдарды алады.
Езілген еңбекші таптың өкілі етіп Жантас, Тәнекелер тағы басқаларды көрсетеді. Езуші таптың өкілі етіп Кәрім, Майқан тағы басқаларды алады. Бұ тартыста Жантас және сол сияқты бірнеше адамдар құрбан болады.
Әдебиеттер::
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-52 б.
2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 92—135 б.
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.83-91 б.
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.
Шаңбаев А. 1996.