26 ЛЕКЦИЯ. 1. ТАҚЫРЫБЫ : Әдеби процесс 2. Лекцияның жоспары:
Өнер дамуының қоғамдық өмірмен байланыстылығы.
Әдеби процестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі.
Дәстүр және жаңашылдық мәселесі.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркембейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы адамдардың бір-біріне деген қатынасын, ой-арманын, дүние танымын байқатпақ. Соның ішінде поэзияның ғана құдіреті келетін, тек өлең ғана айта алатын тебіреніс бар. Әрине, мұны өнердің басқа салаларынан да табуға болады. Бірақ қай халықтың болса да көне туындыларын, фольклорлық шығармаларын алсақ, ол негізінде поэзия екенін көреміз. Поэзия тым көне, тым ескі.Өлең өнерінен халық аз сөзбен көп дүниені айтарлықтай кілт тапқан.
Қазақ топрағығында классикалық мағанадағы көркемсурет болмағаны мәлім. Әдебиеттің де тек бір жанры – поэзия дамыған. Бірақ бұл жанр дәстүрге бай. Ол дәстүр қазір ілгері дамып, жаңа ізденістерге жол ашуда. Қазіргі қазақ поэзиясы – осындай үлкен тарихы бар поэзия.
Егер біз жаңашылдық деген ұғымға терең ғылыми мән беріп талдайтын болсақ, ол ұғым өз бойына біраз творчестволық және теориялық ұғымдарды сиғызар еді. Әдетте біз әдебиеттегі жаңашылдық дегенді шартты түрде болса да, мазмұн мен түрдегі жаңашылдық деп екіге бөліп жүрміз. Қайта туу дәуірі мен соңғы дәуірдегі романтизм де, сондай-ақ реализмнің әртүрлі бағыттары мен ағымдары да өз кезінде жаңашылдық болып табылған.
Әдебиеттегі дәстүрлер халықтың ғасырлар бойы жасаған өмір-тірліктегі салт, дәстүрлері сияқты ұзақ өсу, даму тарихына, басқа әдебиеттерді танып және өзіне де таныта білуіне байланысты. Бай дәстүрі бар әдебиетдегенде, оның пісіп жетілгендігі де, азаматтық міндеттерді атқаруы да, тақырып молдығы да, сондай-ақ көркемдік, суреттегіштік қабілеті дееске алынады. Сонымен бірге, әдебиеттегі дәстүр деп көбіне-көп қазір қызмет атқарып жүрген, белгілі бір әдебиеттің ұнамды айрым белгісіболып табылатын, оның қазіргі сипатын танытатын, бірақ әріден келе жатқан ерекшеліктерін айтамыз.
Бір кезде Леонарда да Винчи Джокондасы үшін жаңашыл болса, Рафаель құдайдың жерді мекендейтінін бейнелеп бергендігі үшін жаңашыл болып есептелінді.
Әдебиеттер:
Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-52 б.
Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 92—135 б.
Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.83-91 б.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.Шаңбаев А. 1996.