Контентті басқару жүйесі – электрондық оқу материалдарын әр түрлі форматтарда орналастыруға және манипуляция жасауға мүмкіндік беретін электрондық курстарды басқару контенті. Әдетте мұндай жүйе кілт сөздері арқылы іздеу мүмкіндігі бар білім беру контентін топтастыратын деректер базасының интерфейсін кірістіреді. Контентті басқару жүйесі негізінен көптеген мұғалімдер курсты құруда жұмыс істеген кезде, оқу материалдарының бір үзінділерін әр түрлі курста пайдалануды қажет ететін жағдайда өте тиімді болады.
Қазіргі уақытта электрондық оқыту ұйымы жүйесінің екі негізгі тармағы бар: коммерциялық LMS/LCMS; еркін таралатын LMS/LSMS. Осы жүйелер қашықтан оқытуға арналған коммерциялық талдамаларды немесе оқу орындарының шеңберінде электрондық оқытуды ұйымдастыруды ұсынады. Нарықта мұндай жүйелердің бірнеше түрі ұсынған:
“Битрикс: Сайтты басқару” – кең таралымға және үлкен танымалдыққа ие CMS.
“Битрикс” іс жүзінде кез келген міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін, толық маңызды мүмкіндіктермен ерекшеленеді. Алайда, сайттың дизайнын және оның бастапқы бейімдеулерін тек қымбат бағалы мамандар жасай алады (бұл жерде программа жасаушының РНР-сыз іске аспайды). Сондай-ақ жүйе сервер ресурстарына аса талапшылдық танытады.
«Indinamic 2.3» - мүмкіндігі жағынан өте маңызды, әрі қолайлы CMS, осы жүйенің негізінде жасалған сайттар іздеудің жылжымалығы тұрғысынан басқалардың алдында артықшылықтар қатарына ие ( осылардың ішінен тек Amiro.CMS-ті атауға болады).
«Amiro.CMS» - теңгерімді және көп функцияналды CMS, пайдалануы және бейімдеуі оңай (РНР – программалауды қажет етпейді), бірақ сайт мазмұнын басқару бойынша мүмкіндіктердің толық жиынтығын береді. Amiro.CMS-тің базасындағы сайтты қиындықсыз басқа әр түрлі хостингтерге көшіре алмауды оның кемшіліктеріне жатқызамыз.
LMS/LCMS жүйелерінде қолданылатын Opensource анализі негізінде мыналарды ерекшелей аламыз: ATutor, Claroline, Dokeos, LAMS, Moodle, OLAT, OpenACS, Sakai. Қолдау жүйесінің дәрежесі және көптілді сүйемелдеу іріктеудің негізгі критерийлері болып таңдалды. Берілген спецификация негізінде «Оқу істерінің кезектілігін басқару жүйесі» Learning Activity Management Syste (LAMS) құрылды. LAMS мұғалімдерге оқу іс-әрекеті түрлеріне кезектілік жасауға мүмкіндік беретін, оқу үрдісінің құрылымын жасауға арналған визуалды құралдарды ұсынады.
LAMS электрондық білім беру ресурстарын құруға және басқаруға революциялық жаңа қосымшалар ұсынады. Ол мұғалімдерге түрлі индивидуалды тапсырмаларды, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар және білім алушылар тобының жеке фронтальды жұмыстарды өзіне біріктіріп білім беру контентін құруға арналған интуитивтік түсінікті интерфейсті ұсынады.
Moodle (http://moodle.org/) - online-сабақтар және оқыту web-сайттарын ұйымдастыруға арналған қосымша. Жоба оқыту үрдісінде әлеуметтік-құрастырушылықты тарату үшін ойлап табылған. Егер қысқаша түйіндесек, бұл тәсіл мынаны білдіреді:
жаңа білімдерді ертерек алған білімдердің негізінде және жеке тәжірибеңнің арқасында ғана ала аласың.
білім беруші алған білімін басқа сөздермен жеткізгенде немесе басқаларға түсіндіргенде үйрену тиімдірек болады.
Яғни осы тәсілді пайдаланған кезде студенттің меңгеруі қажет ақпаратты жай жариялап және өзгертіп қана қоймай, қажетті материалды меңгеруге қолайлы студенттің тәжірибесіне сүйенесіз. Moodle классикалық стильдегі оқытуға көбірек жарамды болады, көбінесе, қоспалы оқыту, жүйені презентациялық оқытудың қосымшасына айналдырады.
Сонымен қатар, әдетте жасаушыларда сатушылардың арасында шығындарды бөлу мүмкіндігі болмайды, және мұнан басқа, өнімнің нақты бір сериясында өз таңдауын жасап, тұтынушыларға өз өнімдерінің өтуін шектейді.
IMS (IMS Global Learning Consortium) Ғалами оқыту консорциумы жасаған стандарттар осы қиындықтарды алдын алуға және функционалдық үйлесімділікке негізделген оқыту технологияларды енгізуге ықпал етеді. IMS-тің кейбір спецификациялары бүкіл дүниежүзілік құрметке иеленді және оқыту өнімдері мен қызметтеріне арналған стандарттарға айналды. IMS специкацияларын талдаудың негізгі бағыты – метадеректер, мазмұнының қаптамасы, сұрақтар мен тесттердің үйлесімдігі, сондай-ақ мазмұнын басқару.