Көп ретті және бірлескен жарақаты бар науқастарды жан сақтау бөліміне тасымалдайды. Тасымалдау барысында тамыр ішіне қаналмастырғышты құяды, тыныс алу бұзылыстарында маска арқылы жасанды дем береді, тыныс алу қалпына келмесе трахеяны интубация жасайды.
Тасымалдау иммобилизациясы сүйектер, буындар, магистралды тамырлар, нервтер және жұмсақ тіндер зақымдалғанда көрсетілген. Арнайы стандартты тасымалдауға арналған шиналар (Крамер, Дитерихс), вакуумды матрацтар мен шиналар, ағаш қалқан бауларымен қолданылады.
Ауырсынуды басқаннан кейін ғана иммобилизация жүргіземіз