«КӨптілді білім беру жүйесінде ана тілін оқытуды жетілдіру: проблемалар, жаңаша көЗҚарастар және шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция



бет2/2
Дата26.12.2023
өлшемі113,09 Kb.
#143959
1   2
Байланысты:
Баяндама Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

тілдік тұлға қалыптастыру – қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады [6].
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек.Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі әлі де болса, формалдық грамматика логикасы негізінде оқытылып келеді. Оның салдары – меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр.
Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік бағдарда оқытуда «тілден – тілдік форма мен тілдің функциясына» және «тілдің функциясынан - тілге» қарай жүру логикасы ұсталынады. Тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің қызметі - өзінен жоғары тұрған тіл бірлігін құруға қатысуы, сөйтіп адам сөйлеуінде барлық тіл бірліктерінің қызметінің көрініс табуы – тілдің функционалдық ерекшелігі болып табылады.
Қазақша сөйлеуші адамның толыққанды коммуникантқа айналуы үшін оның тек сөздің тура мағынасын біліп қоюы, сол тура мағынадағы сөздерді ғана грамматикалық байланыстар мен қатынастар арқылы сөйлем етіп құра алуы - тым жеткіліксіз. Бұл мәселе – тек қазақ тілін үйренуші өзгетілді адамдарға ғана байланысты деп ойламауымыз керек.
Қазақ мектебіндегі, қазақы ортадағы қазақтарға да қазақ тілін коммуникативтік бағдарда оқытудың маңызы – тіл дәрежесінің биіктігін ойы мен сана биіктігіне теңдестіре алатындай жүйе жасау және тәжірибеде қолдану болып табылады.
Оқушылардың сауаттылығын дамыту бағытында «Қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту әдістемесі» мен «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту әдістемесі» салалары зерттелуі күн тәртібінде өзектілігімен қойылып келеді.
Қазақ тілін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында оқытуды ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлерін тиімді нәтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады [12].



Қазақ тілі сабақтарының «Қызықты грамматика әлемінде», «Квест-сабақтар», «Жоба сабақтар», «Ойын сабақтар» сияқты оқу іс-әрекеттері белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы оқушылардың өз бетімен қазақ тілі меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол болады.
Осы айтылғандармен қатар қазақ тілі сабақтарында оқушылардың «рефлексиялық жаттығулар» орындауына, білімін тексерудің тестілік түрін қолдануына, жаңа ақпараттық технологияларды мұғаліммен және өз бетімен қолдануына, жоба жұмыстарын түрлі формада қорғауына, өзара пікірталастар мен семинар-сабақтар ұйымдастыруына жағдайлар жасап, белсенділігін арттыру жолдары көзделеді.

Қазақ тілі сабақтарының көздейтін түпкі нәтижесі – оқушылардың білім алу ізденісі арқылы өздерінің қолын жеткізетін әдістерді қолдану.Мұндай жайлы сезімдер оқушының рухани баюына, ішкі қуаты ашылуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізетіні сөзсіз.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім


академиясы.Әдістемелік құрал. Астана-2013.
2.А.Қ.Рауандина. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет