«КӨптілді білім беру жүйесінде ана тілін оқытуды жетілдіру: проблемалар, жаңаша көЗҚарастар және шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі113,09 Kb.
#143959
  1   2
Байланысты:
Баяндама Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру



«КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АНА ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ: ПРОБЛЕМАЛАР, ЖАҢАША КӨЗҚАРАСТАР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР»
тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Көптілді білім беру жүйесінде қазақ тілін ана тілі ретінде


оқытудың теориялық және тәжірибелік аспекттері» сексециясы


ҚР.ОҚО.Түркістан қаласы.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән мұғалімі: Өскенбаева Гулжан Центрханқызы


Баяндама


Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

«…Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.Тілді байыту керек! Оған халықаралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз дамиды.»


Н. Назарбаев

Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік жүйе жасауға және қолдануға мүмкіндік береді.


Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілері



Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз - мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады.
Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының әлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.


Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология және педагогика ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағдарланған жаңа оқыту технологиялары, қазақ тілінің функционалдық грамматикасы, мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру тәсілдері, мектеп оқушыларының білімін құзыреттілік негізде бағалау жүйесі алынып отыр.


Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны қазақ тілін оқыту әдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшін де, болашақ үшін де маңызы зор.
Интернет-технология негізінде қазақ тілін үйрету/үйренуге арналған ақпараттық-визуалды орта қалыптастыру оқушыға қазақ тілін оқып-меңгеруге мұғалімнің жетекшілігімен және өз бетімен үйренуіне ерекше жағдай жасайтын орта болып табылады.Ондай виртуалды орта оқушылардың жеке танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін «қазақы кәсіби виртуалды ортасын» жасайтын ерекше «әлемге» айналады.
Интернет-технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда әлеуметтік сервистер мен қызметтердің кең тарап келе жатқанын көре аламыз.
Олар:блог; уики; подкаст; твиттер; ютюб; қыстырма (закладки) т.б.
Оларды кең арналы жүйеде қолдануға қазақ тілін оқытудың кейс-стади, квест-сабақтар, электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты заманауи жүйелерді қолдану әдістемелері арнайы зерттелуде.
Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту арқылы қазақша

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет