Т
ҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Орындаған:Әлі Ақбота
Қабылдаған:Қалменова Б.Т
«Астана Медицина Университеті» КеА
Қ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
1. Тұлға әлеуметтануының зерттеу аясы
2. Адам, индивид, тұлға ұғымдарының арақатынасы
3. Әлеуметтену. Тұлғаның әлеуметтенуі. Әлеуметтену агенттері
4.Әлеуметтік статус. Әлеуметтік роль
Жоспары:
Тұлға әлеуметтануы - тұлғаны
әлеуметтік қатынастардың объектісі мен
субъектісі ретінде зерттейтін
әлеуметтану ғылымының бір саласы.
Сондай-ақ, тұлға мен қоғам арасындағы
байланыстарды, тұлғаралық
қатынастарды, тұлға типтерін, тұлғаның
әлеуметтену мәселелерін зерттейді.
Адам - тірі
табиғаттың жоғары
даму сатысында
тұрған
биоәлеуметтік
тіршілік иесі.
Индивид – адам баласының
жеке өкілі.
Индивидуалдылық ұғымына
жақын. Әр адамның өзіне
тән әлеуметтік,
психологиялық, биологиялық
ерекшеліктері болады.
Тұлға – индивидтің
даму нәтижесі. Тұлға -
адамдық сапалардың
іске асу нәтижесі,
әлеуметтенудің
нәтижесінде
қалыптасқан адам.
Әлеуметтену – өзара әрекеттесудің маңызды түрі, адамның қоғамның толыққанды
мүшесі ретінде қалыптасуы, адамның биологиялық ағзадан әлеуметтік ағзаға
айналу процесі. Әлеуметтенудің нәтижесінде адам тұлға болып қалыптасады.
Әлеуметтену дегеніміз адамның қоғамға араласуы үшін қажетті ережелерді,
нормаларды, тәжірибелерді, құндылықтарды үйренуі, белгілі бір әлеуметтік
ортада қалыптасқан үрдістерді бойына сіңіруі. Адам өмірінде әлеуметтену
процесі өмір бойы жүреді. Әлеуметтену тек қарым-қатынастың нәтижесінде жүзеге
асады. Яғни адам басқа адаммен қарым-қатынасқа түсе отырып өмір бойы жаңа
нәрсені үйреніп, меңгеріп жүреді, өмірінде болған келеңсіз жағдайлардан сабақ
алып, өз әрекетін дұрыс жолға қойып отырады.
Әлеуметтену - әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі. Бұл үрдіс
адамның жеке, даралық бейнесін қалыптастырады.
Әлеуметтену процесінің тағы бір нәтижесі –адамдардың қоғамда
әртүрлі статустарға, позицияларға ие болуы. Статустар
әлеуметтік және жеке статус болып бөлінеді. Әлеуметтік
статус дегеніміз-индивидтің жасына, жынысына, меншігіне,
біліміне, қызметіне, дәрежесіне, иотбасыдағы жағдайына
байланысты қоғамдағы орны болып табылады. Мысалы, адамдар
жоғарға оқу орнында оқыса, студент статусын алады, жасының
келуіне байланысты еңбек демалысына шықса-зейнеткер
статусын, жұмыс орнынан қол үзсе –жұмыссыз статусын алады.
Адамдар бұл өмірде бір ғана емес,бірнеше статустарға ие
болады. Мыс, адам бір мезгілде біреудің ұлы, күйеуі, әкесі,
ғалым, мэр, өнерсүйгіш т.б статустарды игеруі мүмкін.
Тұлға деген ұғымды ұлы Абай, әрине, қолданбайды. Бірақ оның
мәнін ашатын ойларға беріледі. Ол, мысалы, адам болудың
жол да ры туралы ойланып-толғанады. Адам болу үшін өзін-өзі
танып, өзін-өзі жүзеге асыру керек. Бұл – адам атына лайық
болу керек де ген сөз. “Атымды адам қойған соң қайтіп надан
болайын”, дейді Абай. Адамның надан болуға қақы жоқ. – Адам
болу үшін, тұлға болу үшін тағы не керек? – “Талап, еңбек,
терең ой, қа на ғат және рақым” керек. Адам болу үшін дүниеге
кірпіш болып қалану керек. Тағы не керек? “Ыс тық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек” керек. “Адамзатқа не керек?” деген
сұрақ қояды да, оған Абай: “Керек іс бозбалаға –
талаптылық”, дейді. Оның үстіне “Ақыл керек, ес керек,
мінез керек”, деп қосады. Мінезі жоқ, аузынан сөзі,
қойнынан бөзі түскен адамның қолынан түк те келмейді.
Тұлғаны қолдан жасаудың мүмкін еместігі жөнінде
мынандай бір тәмсіл бар. Ағылшын королі Яков І-ге бала
кезінде оны тәр бие леп өсірген күтуші әйел: “Менің ба‐
ламды джентльмен етіп шы ғар шы, сенің қолыңнан келеді
ғой”, деп өтініш жасайды. Бұған король: “Жоқ, бұл
менің қолымнан кел мейді. Мен оны граф ете аламын. Ал
джентльмен болу — оның өз ісі”, деп жауап береді. Сол
сияқты, адамның айналасындағы орта оған қолайлы жағдай
туғызып, тұлға бо луына ықпал ете алады. Ал тұлға болу
не болмау оның өзіне бай ла нысты. Адам ата-анасына,
қоғамға, қа ласа құдайға да сеніп үміт арта алады.
Алайда түптің түбінде адам ның тұлға болып шығуы
бәрібір оның өзіне байланысты.
“Тұлға”дегеніміз,жоғары шарықтап дамыған,жан-жақты,терең жетілген адам.
”Тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші.Ол тек
қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады,яғни ол
белгілі бір топта,бірлікте өмір сүреді,мұнсыз болмайды,сөйтіп ол адам
қоғамдағы барлық қатынастарды,тәжірибені,құнды бағалы
нысандарды,бағыттарды өз бойына сіңіріп,меңгеріп өмірде қолданады.Солай
қоғамды одан әрі жетілдіріп,дамыта отырып,өзі жаңа сапа,қасиетке,яғни
тұлғалыққа ие болады.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |