Коричневый и Кремовый Деликатный Органический Копирайтер Фрилансер Маркетинговая Презентация



бет1/2
Дата16.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#124203
  1   2
Байланысты:
инновация 2 бөж дурс


Lesson study әдісі
Қабылдаған: Кәрімжан Т.
Орындаған: Салыбай Б.
Тобы: ЖБЛ-112
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жоспар:
Lesson study әдісі
01
Lesson study әдісінің мақсаты
02
Lesson study әдісінің қағидаттары
03
Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Lesson Study-мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілін 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданады.
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге :
  • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
  • мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
  • оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
  • Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал эту болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға ;
  • Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемсін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.
Lesson Study өткізу барысында торта (немсе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
  • Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
  • Алдағы уақытта әзірленетін немсе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемсін бірлесіп анықтайды.
  • Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір тортың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында көрсетілген, олар авторлардың англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.
Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл-кемшілік емес! Бұл-оларға табысты болуға көметескен үдерістердің нәтижесі.
Толығырақ тоқталайық. Сынып дегеніміз- кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және оданда көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады. (Lewis, 1999).
Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келгенде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.
Мәселен, тәжірибелік білімдірді егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білім өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейды. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға мен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседеі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастыпамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретәінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығында «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді,
Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемсін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар удара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емс. Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады. Lesson Study-ді талқылайды. Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемсін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны қолайлы болмақ). Бұл тортың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады. Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында тортың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушты ретінде мәртебесі тең болады.
Белгілі бір мектептің, сыныптың немсе белгілі бір жас мөлшеріндегі тортың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: тортық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану қағидаттары. Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланыңыз (үлгілері осы кітапшада берілген). Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем легенде бір сағат).
Lesson Study кезінде олардың уақытын бағалаңыз және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немсе көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз. Жұмыс бары сына белсенді түрде қызығушылық танытыңыз. Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсэтулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.). Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа торты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
Lesson Study-ді жүргшізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б).
Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
Lesson Study-де күтілетін нәтиже:
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерыін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізуге міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Lesson Study-ді қолданудағы кеңес:
• Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану қағидаттары.
• Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланыңыз.
• Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір сағат).
Lesson Study-дің аяқталауы:
• Lesson Study кезінде олардың уакқытын бағалаңыз және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз. Жұмыс барысында белсенді түрде қызығушылық танытыңыз.
• Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б).
• Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет