– Осы орайда «халал бала бақ ша»
мәселесін айқындай кету де сұранып
тұрған сияқты.
– Бұл – заң түгілі, ақылға сыймайтын нәрсе.
«Халал балабақша» деген стандарт еш
жерде жоқ, бұ ған қатысты ешбір заңнамалық
тетік те қарастырылмаған. Сон ды қ тан мұндай
мекемелер ұйым дастырылған жағдайда,
олар заңдық тұрғыдан тексеріледі.
– Ата-аналардың қате көз қарасы де-
мек ші, қазір діни ұста ным дарына бай-
ланысты баласына екпе жасатудан бас
тарту оқиғалары да кездесіп қалып жүр.
Осы мәселеге қатысты не айтуға болар
еді?.
– Бұл енді шын мәнінде білім сіздіктің
сал дары.
Ешбір
дінде
ден саулықты
сақ тауға, күтуге, ауру дың алдын алуға
шек теу қойыл майды. Керісінше, әрбір
өрке ниетті дін өз сенушілерінің тән сау-
лығы на үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Ислам ұстанымдарына келсек, Мұхаммед
пайғамбардың: «Аурудан емде лің дер. Алла
тағала әрбір аурудың емін қоса жарат қан»
деген хадисі бар. Қаншама ауру л ардың емін
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзі көрсеткен.
Барлық ислам мемлекеттерінде ауру дың
алдын алу құралы ретін де вакцинаның
көптеген түрлері қолданылады. Басқаны
былай қойғанда, Сауд Арабиясы Ко роль -
дігінің өзінде белгілі бір ауру лар дың алдын
алатын екпе-вакцина қабыл дамағандарға
қажылық жасауға рұқсат берілмейді.
Біле білсек, небір жұқпалы жә не қа тер лі
аурулардың алдын алып, азамат тардың
өмірін сақ тап қалу үшін мемлекетіміз рес-
пуб ликалық бюджеттен жылына бірнеше
ондаған миллиард теңге қаржы бөледі.
Мұндай игілік ке қолы жетпей, азаматтары,
әсіре се, жас балалары мың-мыңдап жұқ-
палы аурулардың құрбаны болып отырған
экономикасы нашар қаншама мемлекеттер
бар.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
ізде» деген даналықты халқымыз бекер
айтқан жоқ. Ал әрбір саналы азамат өзінің
денсаулығын сақтаумен қатар, өзгенің
денсаулығына қатер төндірмеуді де ойлауы
тиіс. Заң тұрғысынан да, дін тұрғысынан да
солай.
– Әлеуметтік-діни тұрғыдағы мәсе-
ле лерді бір қайырып тастау үшін енді
неке мәселесінің де басын ашып ал-
сақ. Әңгімені әркімнің көкейінде жүр-
ген сауалдан бастағым келеді. Өзі ңізге
белгілі, қазір мешіттерде неке ні АХАЖ
бөлімі берген заңды неке куәлігін
көрсеткеннен кейін ғана қию қа лыптаса
бастады. Мұның сыры неде?
– Мешіттерде некені АХАЖ бөлімінде
ресми тіркеліп, заңды неке куәлігін
алғаннан кейін қию мәселесі азаматтардың
тағдыры мен құқықтарының қорғалуына
деген алаңдаушылықтан туындап отыр.
Өйткені, қазіргі кезде өкінішке қарай, неке
жиі бұзылатын болды. Ресми тіркелген
некелердің жылына үштен бірі бұзылады
екен. Ал ресми тіркелмеген күйі бұзылып
жатқандары қаншама! Олардың салдарын
жалғызбасты ана мен жетім бала құқығын
ешбір заңдық құжаты болмағандықтан,
қорғау да қиын.
Заңдастырылмаған некенің ең сорақы-
сы – қазір жекелеген теріс діни топ тар дың
арасында белең алып отырған ата-анасы-
ның келісімінсіз үйлену, әйелін жаратпай
қалса, ешқандай жауапкершіліксіз бір ауыз
сөзбен талақ етіп тастап кету, көп ұза май
екінші біреуге, оп-оңай үйлене салу, көңілі
қаламай қалса, тастап жүре беру секілді
ойсыз әрі арсыз құбылыстар. Бұл – нағыз
діни надандық пен шектен шығушылықтың
көрінісі. Ислам атын жамылған теріс
діни ағымдар өкілдері арасында көптеп
кездесетін бұл құбылыс – ислам тұрғысынан
қатаң айыпталатын іс-әрекет. Исламда
отбасы институтына ерекше мән берілетіні,
неке бұзылған жағдайдағы ана мен бала
күнкөрісінің әке тарапына толық жүктелетіні
әрбір мұсылман азаматқа мәлім жайт.
Әйел-ана тағдырын тәлкекке салып, оны
нәпсіқұмарлықтың нысанасы етуге ислам
түбегейлі қарсы.
Азаматтарының құқығы мен бостан ды-
ғына нұқсан келтіретін мұндай әрекет-
терді мемлекет те қолдамайды. Мемлекет
– заңдық институт, кез келген азаматты
қандай да бір жауапкершілікке тарту үшін
іс-әрекеттердің заңдас тырылуы қажет. Сол
себептен мешіттерде некені АХАЖ бөлі мін де
ресми тіркеліп, заң ды неке куәлігін алғаннан
кейін қию қажет тілігі күн тәртібіне қо йы лып
отыр. Бұған Қазақстан мұсыл мандары діни
басқар масы да белсенді қолдау білдіруде.
Неке нің АХАЖ бөлімінде ресми тіркеліп ба-
рып, мешіттерде шариғат жолымен қиылуы
– зайырлы құқық пен діни құқық үйлесуінің
көрінісі.
– Орта мектептерге «Дінтану негіз дері»
пәні енгізілгелі бері біршама уақыт өтті.
Қандай өзгерістер күтілуде?
– Ел азаматтарының дін туралы білімі нің
дұрыс қалыптасуы мектеп қабыр ғасынан
басталуы тиіс. Сондықтан қазір осы бағытқа
да күш салынуда.
Орта
мектептердің
9-сыныбында
оқытылатын «Дінтану негіздері» пәнінде
әлемдік және дәстүрлі дін дер, жаңа діни
қозғалыстар, те ріс пиғылды және радикалды
діни ағымдар жөнінде негізгі түсі ніктер
берілетіні белгілі. Қазіргі таңда Дін істері
агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі
тарапы нан аталған пәнді заман талабына
сай жетілдіру мақсатында ке шенді шаралар
атқарылуда. Пән нің қоғамтанулық мазмұнын
күшейте отырып, білім алушыларға зайырлы
мемлекет қағидаттары мен қазақстандық
қоғамның дәс түр лі құндылықтарын таныту
мақ сатында «Дінтану негіздері» пәнінің атын
«Зайырлылық және дінтану негіздері» деп
өзгертуге шешім қабылданды. Пәннің жаңа
бағдарламасы
жасақталып,
маз мұ нына
өзекті толықтырулар енгізілді.
Таяу мерзімде аталмыш пән нің оқулық,
хрестоматия, оқушы дәптері және мұғалімге
арналған құралдан тұратын оқу-әдістемелік
кешенін жасау қолға алынбақ. «Зайырлылық
және дінтану негіз дері» пәнінен сабақ
беретін мұға лімдердің біліктілігін арттыру
мақсатында 1 айлық мерзімді қам титын білім
жетілдіру курсы ның жүйелі, толыққанды
бағдарламасын жасау және жүзеге асыру
жоспарланып отыр. Жалпыға бірдей білім
беретін орта мектептерді білікті маманмен
толық қамтамасыз ету мақсатында жоғары
оқу орындарында «Тарихшы, қосымша
мамандығы
бойынша
дінтанушы»
педагог кадрларын даярлау мүм кін діктері
қарастырылып жатыр.
– Дінді жалпы халық тұты натын
болғандықтан,
діни
әде биеттер
мәселесіне
де
кез
келген
азамат
бейтарап қарамасы анық. Осы орайда
бір байқалатыны – бұрынғыдай көше
бойлап, есік қа ғып, діни әдебиеттерді кез
кел ген жерде кедергісіз тарату үде ріс тері
саябырлаған сияқты көрінеді.
– Иә, бұл да жаңа заңның жа ғым ды
нәтижелерінің бірі. Діни әде биеттер мәселесі
толығымен дер лік жолға қойылды деуге негіз
бар. Ең маңыздысы – тиісті заң на малық
актілерге сәйкес дінтану сараптамасы
мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Агенттік
қызмет ат қар ған 3 жыл ішінде еліміздегі
діни кітаптар айналымы толық бақылаудан
өтіп, 25 000-ға жуық әдебиетке сараптама
жасалды. 300-ге жуық әдебиетке теріс
қорытынды беріліп, олардың ел аумағында
таратылуына тосқауыл қойылды.
Түзеу мекемелеріндегі діни кі тап тар толық
сараптамадан өт кізілді. Мәдениет және бі лім
мекемелеріндегі, діни оқу орын дарындағы
кітаптар да тек сері ліп, ретке келтірілді.
Агент тік тің ұсынуымен радикалды және
теріс пиғылды ағымдар идео ло гиясының
алдын алуға ба ғыт талған ағартушылық маз-
мұндағы әде биеттер мүдделі мем ле кет тік
мекемелер арқылы көптеп шығарылуда.
Сараптама
жүргізумен
қатар,
діни
әдебиеттердің таратылуына да бақылау ор-
натылды. Қазір олар республика бойын ша
арнайы стационарлық үй-жайлар ре тін де
бекітілген 235 кітап дүкенінде және заңмен
белгіленген орындарда таратылуда.
Дегенмен, азаматтар тарапынан заң
нор маларын білмегендіктен немесе заңға
мойынұсынбаушылықтан туындаған заң сыз
діни әдебиеттер тарату фактілері де жоқ
емес. Мұн дайда тиісті органдар тара пы нан
нақты әкімшілік шаралар қол данылады.
Өткен жылы осындай 78 факті анықталып,
айыпты тұлғалар әкімшілік жауап кершілікке
тартылды.
– Дін тарату дегенде миссио-
нерлік тура лы сұрақ ойға орала
кетеді. Бай қауымызша, елімізде
миссио нерлердің қара сы аз емес.
Олар жайлы заңнама не дейді?
– Заңнама бойынша Қазақстан
Рес публикасы
азаматтарының,
шетел діктер мен азаматтығы жоқ
адам дардың
миссионерлiк
қыз -
мет пен айналысуына тыйым са-
лынбаған. Мұндай тәжірибе әлем-
дік
қоғамдастықтағы
діни
сенім
бос тандығын қамтамасыз ететін мем-
лекеттердің барлығына дерлік тән.
Бірақ, бұл миссионерлік қызмет-
к
е шектеусіз құқық берілген деген
сөз емес. Біріншіден, миссионерлік
қызметті жүзеге асырушы тұлға мін -
детті түрде тіркелуге және жыл са-
йын қайта тiркеуден өтуге тиіс. Ол
миссионерлік қызметпен тиіс ті құ жаты
болған жағдайда ғана ай налыса алады.
Екіншіден, мис сио нерлік қызметтің заң ая-
сын да ғы өзіндік талаптары бар, ол та лап-
тарға сәйкес келмеген тұл ға ны миссионер
ретінде тір кеу ден бас тартылатыны да
заңна ма да көрсетілген. Үшіншіден, мис-
сио нер дің ел аумағындағы қыз меті де
нақ ты өңірлермен шек теледі. Ол тек өзі
тіркелген өңірде, өз діни бір лестігіне мүше
азаматтар ара сын да ғана діни қызмет
атқара алады.
Осындай
бақылау
шараларының
нәти жесінде соңғы жылдары елі міз дегі
миссионерлер саны 300-400 ара лығын-
дағы тұрақты көр сеткіштен артып отырған
жоқ. Миссионерлердің басым бөлі гі
еліміздегі католиктік және право славиелік
діни бірлестіктердің өкіл дері болып келеді.
Заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге
асыру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде
заңмен қадағаланады.
/жалғасы 5 бетте./
14.06.2014ж. № 23 /7699/
А ќ ќ у ‰ н і
5
/жалғасы, басы 4 бетте./
Өткен жылы осындай ниеттегі 70
адамға айыппұл салынып, тиісті әкімшілік
шара қолданылды.
– Ғаламтор кеңістігі де назардан тыс
қалып отырмаған болар?
– Иә, діни-экстремистік және лаңкестік
топтардың ақпараттық кеңістігіне шектеу
қою бағытында да нақты жұмыстар
жүргізілуде. Агенттік тарапынан 5000-
ға жуық ғаламтор ресурсына монито-
ринг жүргізілді, 176 материалға дінтану
сараптамасының теріс қорытындысы
берілді. Оның 45-інің Қазақстан аумағында
таратылуына тосқауыл қою жөніндегі сот
шешімдері шықты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша ағартушылық бағыттағы «E-is-
lam» порталы жасақталып, іске қосылды.
Сонымен қатар, танымал әлеуметтік
желілерде Агенттіктің ресми парақ-
тары ашылды. Агенттіктің ресми сайты
үздіксіз әрі сапалы түрде жұмыс жүр-
гізуде. Дін саласындағы басты оқиғалар,
қабылданған
нормативтік-құқықтық
актілер, жаңа құрылымдар мен халық-
аралық шаралар сайтта жедел көрініс та-
бады. Агенттік сайтын пайдаланушылар
қатарында еліміздің ғана емес, Ресей
мен АҚШ-тың, басқа да алыс-жақын
шетелдердің өкілдері көптеп саналады.
Пайдаланушыларды қызықтыратын бар-
лық сауалдарға жауап берілетін арнайы
блогтар да сайтты тартымды ете түсуде.
– Агенттік құрылған кезеңнен бас-
тап қолға алған шаралардың бірі
ақпараттық-насихат
жұмыстары
болғанынан көзі қарақты оқырман
хабардар. Бұл саладағы жұмыстар да
жалғасын тапқан болар?
– Әрине, жалғасуда. Орасан зор күш-
жігер дін саласындағы ақпараттық-
ағартушылық
жұмыстарға
жұмсалып
келеді.
Ақпараттық-насихат
топтары
мен бұқаралық ақпарат құралдары ар-
қылы тұрғын халыққа үздіксіз түсіндіру
жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімдер,
жастар және әйелдер аудиториясына
арналған мақсатты жобалар жүзеге
асырылуда. Осы бағытта жүргізілетін
жұмыстардың елеулі бөлігі радикалды
және теріс пиғылды діни ағымдар идео-
логиясының алдын алу шараларына
арналса, ендігі бір бөлігі осындай
ағымдар ықпалына түскен тұлғаларға
тікелей бағытталған. Ақпараттық-насихат
топтарына қажетті жүздеген ақпараттық-
әдістемелік материалдар дайындалып,
жарық көрді, тұрғын халыққа және
мақсатты аудиторияларға таратылды.
Айтылғандардан басқа, Агенттіктің
үйлестіруімен
Діни
бірлестіктермен
байланыстар жөніндегі кеңес, Үкіметтік
емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі
кеңес,
Консультативтік-сараптамалық
кеңес, БАҚ-тарда діни тақырыптарды
жариялау жөніндегі әдістемелік кеңес
секілді құрылымдар дін саласындағы
саясатты сауатты да байсалды түрде
жүргізу
мақсатына
жұмылдырылуда.
Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап
шеккендерге көмек көрсететін 25 ұйым
еліміздің барлық аймақтарында қызмет
атқаруда.
–
Мемлекет
басшысы
Нұр-
сұлтан
Назарбаев
«Қазақстан-
2050» Стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында
қазақстандықтардың діни санасын
елдің салт-дәстүрлері мен мәдени
нормаларына сәйкес қалыптастыру
міндетін атап көрсеткен болатын. Бұл
бағытта Агенттік қандай жұмыстар
жүргізуде?
– Біздің қазақстандық қоғамның жағ-
дайында қазір дін және дәстүрлі құн-
дылықтар үнқатысуы маңызды орын
алады. Теріс пиғылды діни ағымдар
идеологиясының ең жағымсыз ықпалы
дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды
ыдырату арқылы діни сананы өзгерту
үдерісі болып отыр. Өйткені, кез келген
жат ағым қоғамда қалыптасқан құн-
дылықтарды күйрету арқылы өзін ор-
нықтыруға жол ашады. Ал бұл өз кезе-
гінде дәстүрлі құндылықтармен бірге,
ішкі тұрақтылықтың әлсіреуіне алып
келеді. Сондықтан ұлтты қалыптастыр-
ған құндылықтарды қорғау елдің ішкі
тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтін-
дігін қорғау болып табылатыны сөзсіз.
– Дәстүрлі құндылықтар демекші,
қазір
қазақтың
мұсылмандығына
күмәнмен әрі сынмен қарайтындар
саны
көбейген
секілді.
Бір
байқалатыны,
ондайлар
қазақтың
өз арасынан шығып отыр… Сіз не
дейсіз?
– Қазақ – мың жылдан бері мұсылман
халық. Оның дәстүрі мен дүниетанымы
исламмен балталаса бұзылмастай болып
тамырласқан. Біз кімнің алдағанына
арбалып,
өткенімізді
өнегесіз,
тарихымызды тұлдыр демекпіз?
Біздің дініміз – біздің рухымыз. Ол –
біздің өткеніміз, бүгініміз, болашағымыз.
Оны зерттеп-зерделеуге әркімнің құқығы
бар. Бірақ тергеп-тексеруге, айыптап, қа-
ралауға, күзеу мен бұзуға ешкімнің құқығы
жоқ.
Қазақ исламға бүгін келген жоқ.
Мың жыл бойы Мұхаммед пайғамбар
(с.ғ.с.) салған жолмен жүрген ұлт-
тың ұлы ғұламалары қалдырған ата
дініміз – ислам. Сондықтан бүгінгі дін
атын жамылып, саясатқа суарылған
жатжұрттық ілімдердің мақсатын үйрету
емес, күйрету деп бағалаған жөн…
– Сөзіңіз аузыңызда, еліміздегі
мешіт жамағаттарының арасынан жік
шығып, екіге жарылу көрініс беруде.
Исламның бөлінуді емес, бірігуді наси-
хаттайтындығына қарамастан, оның
ішінде алауыз ағымдар пайда болды.
Дін саласындағы уәкілетті органның
бұл мәселедегі ұстанымы қандай?
– Еліміздің тарихымен, мәдениетімен,
рухани құндылықтарымен қабыспайтын
жат діни көзқарастарды насихаттап
жүрген кез келген ағым қазақстандық
қоғамның дәстүрлі ұстанымдарына, ішкі
тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мұндай
шетін құбылыстармен күресу – Агенттіктің
де, басқа мемлекеттік органдар мен тиісті
құрылымдардың да басты міндеті.
Ислам атымен әрекет етіп жүрген
жат көзқарастағы ағымдарға келсек,
ел
аумағында
өз
ұстанымдарын
насихаттайтын мұндай топтардың бар
екені жасырын емес. Рухани тамырынан,
дәстүрлі құндылықтарынан қол үзіп
қалған бүгінгі буынның бірқатар өкілдері
осындай шетін идеологияға алданып,
өз ұлтының салт-санасына, дәстүрлі
құндылықтарына
қарсы
шығуда.
Агенттік жүргізетін ақпараттық-насихат
жұмыстарының пәрменді бөлігі осындай
адасқан азаматтарымызға түсіндіру және
қайта бейімдеуге бағытталуда.
Осы тұста атап өтуге тиіс бір жайт
бар. Бас мүфти Ержан Малғажыұлы
бастаған имамдар тарапынан мешітке
келетін халыққа бөлінбей, бір жамағат
болып бірігіп, ынтымақ құрып, бір-бірі-
не түсіністікпен қарап, туындаған мәсе-
лелерді үнқатысу және түсіндіру арқылы
шешу бағытында жасалып жатқан жұмыс-
тар зор. Қолға алынған игі істердің нәти-
жесінде еліміздің мешіттерінде мұндай
келеңсіз жағдайлар азайып келе жатыр.
– Халықтың санасын сан тарапқа
тартқылап жүрген теріс пиғылды
секталардың әрекетіне қатысты не
айтар едіңіз?
– Теріс пиғылды секталардың іс-
әрекеті де Агенттік назарынан тыс қалып
отырған жоқ. Ресми түрде тіркелген
діни бірлестіктердің нақты бақылауда
болатыны белгілі. Ал секталық сипаттағы
діни ұйымдар көбіне идеология түрінде
қызмет етеді. Сондықтан оларға қарсы
күрес те идеологиялық-ағартушылық
сипатта жүргізіледі. Жоғарыда санама-
ланған Агенттік жұмыстарының әрбі-
рінде дерлік секталық сипаттағы діни
ұйымдарға қатысты іс-қимылдар қам-
тылған. Ал азаматтардың денсаулығы
мен қауіпсіздігіне, имандылығына нұқсан
келтіретін, отбасының бұзылуына, т.б.
бүлдіргіш әрекеттерге себеп болған нақ-
ты жағдайлар айқындалғанда бұған өз
құзыреттері шегінде құқықтық органдар
да араласып, тиісті шаралар қолданып
келеді.
Осы орайда мен Қазақстан азамат-
тарын қырағылық пен белсенділік таны-
туға шақырар едім. Секталық сипаттағы
ағымдардың қоғамға тигізген зардабы
туралы ауызекі әңгімеде көп айтылады,
ал азаматтар нақты жағдайлар бойынша
құқықтық органдарға шағым жасауға
келгенде енжарлық танытады. Жекелеген
діни ағымдардың насихаты салдарынан
отбасынан
айырылған,
зайырлы
білім алудан, ақы төленетін еңбектен,
медициналық көмектен бас тартқан және
соның кесірінен зардап шеккен жандар
туралы олардың ата-анасы, ағайын-
туыстары, достары дер кезінде тиісті
орындарға хабарлап отыруы қажет. Осы
орайда дін саласына қатысты барлық
мәселелер бойынша азаматтардан ақпарат
қабылдауға, теріс пиғылды ағымдардан
зардап
шеккендерге
кеңесшілік-
психологиялық көмек көрсетуге арналған
«Қауырт желі – 114» қызметін пайдалану
қажеттігін көпшілік назарына салғым келеді.
Бір ғана мемлекеттік органның мүмкіндігі
бәріне бірдей жете бермейді. Көп болып
көтерген жүк қашанда жеңіл болады.
Оның үстіне адам тағдыры, азамат
тағдыры ешбірімізді бейжай қалдырмауы
тиіс. Жеке адам тағдырынан мемлекет
тағдыры құралады. Ал мемлекет тағдыры
–
баршамыздың
және
әрбіріміздің
тағдырымыз. Біз осыны есте сақтауымыз
қажет.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан».
2014 жылғы 24 сәуірдегі Павлодар
облысы әкімдігінің «Павлодар облысында
жазғы демалыс кезеңінде балалардың
демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен
қамтылуын
ұйымдастыру
жөніндегі
2014-2015 жылдарға арналған шаралар
туралы»
№122/4
қаулысына
сәйкес
«Жаз-2014» штабы құрылды. «Шуақты
күн» жобасы және балалардың жазғы
демалысы мен жұмыспен қамтылуы
жөнінде іс-шаралар жоспары дайындалды.
Осыған орай 29-сәуірде балалардың
жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша
мектеп
директорлары
үшін
мәжіліс
ұйымдастырылды.
20-мамырда аудандық тұтынушылардың
құқықтарын
қорғау
басқармасы,
төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер
бөлімі өкілдерінің қатысуымен мектеп
директорларының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарларына семинар-кеңес өткізілді.
Балалардың өмірі мен денсаулығының
қорғалуы, олардың судағы қауіпсіздігі,
мектеп жанындағы лагерьлерде өрт
қауіпсіздігін,
қатерлі
топ
балаларын
бақылауда
ұстауын
қамтамасыз
ету
үшін қолданылатын шаралар бойынша
түсініктеме беруге баса назар аударылды.
Жазғы демалыс пен сауықтырылуға
жалпы 1353 бала мен жасөспірім (мектеп
жанындағы лагерьлерде-890, Баянауыл
ауылындағы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру
орталығы, «Чайка» қала сыртындағы
лагерь, кәсіподақ тарапынан-18 бала,
«Бөбек» лагеріне-5, «Балдәурен» лагеріне-
2, аудандық лагерьге-200 жасөспірім, ата-
аналар есебінен 103 бала) қамтылады,
яғни бұл 1-10 сыныптар аралығындағы
1591 оқушының 85 %-ын құрайды. Оның
ішінде 22 мектеп жанындағы лагерьде-
890 бала демалады. Аз қамтамасыз
етілген отбасынан-249 бала, жетім-5,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған-
17,
тубвиражды-78
бала,
бастауыш
сыныптан-650,
даярлық
тобынан-194
бала
тегін
демалыспен
қамтамасыз
етілген. Сонымен қатар мектептерде 22
гуманитарлық-математикалық бағыттағы
бейіндік жасақтарда 193 бала қамтылған.
Мектеп жанындағы учаскелік 21 жасақта
70 балаға, 4 өндірістік жасақта 41 балаға
(Жамбыл -10, Қазы -8, Лебяжі-11, Малыбай
-12 жалпы орта білім беретін мектептерінде)
жұмыс
үлестіріледі.
Астанаға
25
және Павлодар қаласына 98 баланы
экскурсияға шығару жоспарлануда. Сол
сияқты қызығушылығы бойынша клубтарға
85 бала қатысады. «Жастар» балалар-
жасөспірімдер клубының жетекшілігімен
65 аулалық клубта 168 бала шынығуда.
Лебяжі ЖОМ-інде 6-7 сынып оқушылары
арасынан 15 адамнан құралған Жас
құтқарушылар жасағы құрылды.
Ақылы еңбекпен - 66 бала, оның ішінде
шаруа қожалықтарында 20 бала еңбек
етпек. Аудан бойынша 238 бала жұмыспен
қамтамасыз етіледі, бұл 15 %-ды құрайды.
Майқарағай, Шақа, Уахатов атындағы
жалпы
мектептерінде,
Амангелды,
Жабағылы
және
Қазантай
негізгі
мектептерінде 46 оқушыны қамтитын
мектеп орманшылығы жұмыс жасайтын
болады.
2014 жылғы жазғы сауықтыру лагерьлерін
ұйымдастыру үшін жалпы 7198,5 мың
теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 3
млн. 291 мың теңгесі мектеп жанындағы
лагерьлерге, аудандық лагерьге - 2 млн.
теңге, қала сыртындағы лагерьлерге
- 1 млн. 140 мың теңге бөлінсе, Астана
қаласына саяхатқа -767 мың 500 теңге
қарастырылды.
Кәсіподақ
ұйымында
ұстаздардың балаларын сауықтыруға
қаралған қаржы-300 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар жаз мезгілінде «Естелік
пойызы -2050» жобасы жүзеге асырылады.
«Достық көпірі» әріптестігі бойынша Ресей
Федерациясының Невель қаласындағы
білім беру қызметкерлерімен алда жұмыс
ұйымдастыру жоспарлануда.
Оқу-тәжірибе
учаскелерінің,
педа-
гогикалық жасақтардың байқауы мен
мектеп жанындағы лагерьлер арасында
«Жаз-2014» аудандық байқауын өткізбек.
Облыстық
мектеп
орманшылығы
конкурсына Шақа орта мектебі, облыстық
«Жасыл желек» конкурсында Малыбай
орта мектебі бағын сынамақ.
Жыл сайын тамыз конференциясында
«Ең үздік мектеп жанындағы учаскісі»,
«Ең үздік мектеп жанындағы лагерь»
номинациялары
бойынша
конкурс
жарияланып, жеңімпаздарға сыйлық
беріледі.
Шарбақты орта мектебі жанындағы
интернатта аудандық лагерьдің жұмысы
16-маусымда басталмақ. Онда 4 маусым
ішінде 200 бала қабылдау қарастырылған.
Қазіргі уақытта аудандық лагерьдың
штаттық
кестесі
жасалды.
Ондағы
тәрбиешілер тізімі аудан мектептерінің
мұғалімдерінен жинақталатын болады.
Музыка, дене шынықтыру пәндерінің
мұғалімдері
де
тартылады.
Аудан
мектептеріне алдын ала 200 баланың
разнарядкасы жіберілді.
Әр маусымда Павлодар қаласына
сондай-ақ
тұзды
көлге
саяхаттау,
қарағайлы алқапқа палаталық серуендер,
түрлі тренингтер, ойындар, үйірмелер
ұйымдастырылады. Аудандық лагерьдың
жұмысы
кезінде
Шарбақты
орта
мектебінде интернет желісіне шығуды
қамтамасыз ететін информатика кабинеті,
спортзал және тренажерлы зал, кітапхана
қолданылады.
Лагерьдың ағымдағы жөнделуіне 200
мың теңге бөлінсе, Павлодар қаласына
экскурсияны
ұйымдастыру
үшін
90
мың теңге қарастырылды. Балаларды
тамақтандыруға 2 млн. 400 мың теңге
бөлінді. Штаттық кестеге 10 бірлік
енді. Атап айтқанда лагерь директоры,
шаруашылық меңгерушісі, аға тәлімгер,
медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы,
күзетші,
аспазшы,
аспазшының
көмекшісі, кір жуатын қызметкер және
жұмысшылар.
Достарыңызбен бөлісу: |