14.06.2014ж. №23 /7699/
А ќ ќ у ‰ н і
6
Әңгіме әлемі
Қасқыр тірлік
Құланды жазығының қуаң сайындағы қо тыр
түбірдің панасындағы тар апанда сүті тартылған
қу шандырды ырылдаса тартқы лаудан жақтары
талған қос бөлтірік тұмсық тарын анасының
бауырына тығып, енді ғана рахаттанып,
бырылдаған тәтті ұйқыға кеткен. Тістері жаңа
білініп келе жатқан бұларды аналары қазір
дәнге ауыздандырып жүр. Жат дыбыстан қуаң
сайдың қиыршық тасы мен ақ шоқалағы аралас
құнарсыз сорына өскен бұйырған, бұзаубас,
көкпек секілді селкем шөптердің арасына бұға
қалған жерлерінен атып тұрып, алдынан қуана
секіріп шығатын аш бөлтіріктерін ол бауырына
бірден жолатпайды. Алдымен ішіне сақтап
келгендерін құсады. Құсықтың иісін жатырқап,
бастарын алып қашып, емшек сұрап қыңсылап,
бауырына ұмтылатын бөлтіріктерге қаншық
өткір тістерін ақситып, суық ырылдайды.
Амалы жоқ, қарны ашқан бөлтіріктер сонда ғана
анасына көзінің астымен жасқана қарап қойып,
жемтікті түрткілей бастайды. Кейбір тұтас
түскен кесектерді ұяластар балаң тістерімен
таласа жұлмалап, тақыр-таза жеп, қанағат тан-
ған соң ғана анасы жұмсақ бауырын апанның
сыздауыт топырағына төсеп жата кететін. Сол
кезде ғана қуана секірген бөлтіріктер ырыл даса
келіп, емшектерге жабысады. Алты емшекті қу
шандыры қалғанша тартқы лап, енді ғана тағат
тапқандары да сол. Күн дізгі таласқандары есіне
түсе ме немене, кейде ұйқыда жатқан екеуі
жоғарырақ үймелеп, бірін-бірі жұмсақ желіннен
тықсырып, ырылдасып қояды. Екеуіне дүниеде
осы шақтан артық рахат та жоқ сияқты…
…Кенет аспан айырылып, дүние төңкеріліп
кеткендей, гүрс еткен дауыспен бірге дәл үсте-
ріне келіп қалған даң-дұң, тасыр-тұсыр дыбыс тар
естілді. Арс етіп атып тұрған қан шық бауырындағы
бөлтіріктерін төңкере тас тап, апаннан атқып
шыққан. Онымен бірге шыққан екінші гүрсіл
тіпті жақыннан есті ліп, бөлтіріктердің құлағын
тұндырып жібер ді. Тәтті ұйқыдан арылмаған
қос бөлтірік, қорыққандарынан қыңсылауға да
шамасы кел мей, ұйлығып, бір-біріне тығылуды
білді. Күннің енді ғана құланиектеніп көтеріліп
келе жатқан шағына қарамай ерте жеткен
жаулары қоян-қолтық келіп қалған екен, қаншық
апаннан ұзай алмады. Екінші шыққан гүр сіл мен
бірге аналарының қаңқ еткен дауыс пен соңғы
демі де шыққанын бөлтіріктер сезбеді. Өздеріне
қарай топырлай жүгірген табан тарпылдарымен
бірге «здесь, здесь» деген қуанышты дауыстарды
естіп, дыбыстарын шығармауға тырысып, бір-
біріне жабыса түскен.
Ендігі кезекте, кеше ғана асыр салып, емін-
еркін ойнақтап жүретін жәудіреген күнә сіз
көзді, тік құлақ, сүйкімді сұр бөлті ріктің басына
тұтқынның тұмылдырығы киілген еді. Мұның
әлсіз ырылдағанына қарамаған бір әлеуетті
қол желкесінен бүре ұстап, қолқаны қабатын
жағымсыз иісі бар, бір сасық дорбаның ішіне
тоғытып жіберді. Содан кейін жарық дүние бұл
үшін қап-қа раңғы көрге айналып жүре берген.
Ұя ласының да қайда қалғанын да білмейді, тек
оның өзіне таныс қыңсылы бір естіліп қал ған-ды,
бірақ мұны салған дорбаға оны әкелген жоқ.
Аңшылар да екеу екен. Көптен ізіне тү сіп,
бүгін ғана қақпандарына түсірген көк шулан
қаншықты алғандарына екеуі де мәз. Осыдан бір
айдай бұрын, бұрынғы апандарында боз арланды
да осылар сұлатқан. Ол жолы да екі бөлтірік
олжалап, қарқ болған-ды. Құтылып кеткен
қаншықтың соңынан ай бойы қалмай, ақыры
бүгін, Құланды жа зығындағы жаңа апанының
үстіне дәл түсіп, екеуі тағы да екі бөлтірікті
олжала ғанға тіпті масайрап, белбеулеріне қысты-
рып жүретін фляжкаларын суырып шыға рып,
бір-біріне торс еткізіп қағыстырып алды да,
кенезелері кеуіп қалғандай ұзақ қыл қылдатты.
Аңшылықпен айналысуды кәсіп қылған
екі маскүнем бөлтіріктерді жаңадан ашыл ған
зоопаркке сатып жіберіп, түсірген ақ ша ға күнімен
ішті. Айналасы бозала шаң болып тұратын жаздық
кафенің талай іш кіш тің түрегеп тұрып сіміруіне
сүйеніш бол ған жуантық үстелінің дөрекілеу жо-
ныл ған қалың тақтайлы дөңгелек беті мен жуан
аяқтары ғана бұларды құлаудан аман сақтап тұр.
Әйтпесе, екі аяқтан әлдеқашан әл кетіп, қайта-
қайта сүрінгендер беттері мен иектерін биік
үстелге дүрс-дүрс ұру мен зорға түзеледі.
Әңгімелері тек аңның қызығы болған екеу
ақыры езулерінен шұбырған сілекейге шашалып,
үнемі боқтық араластырып, дау рығып, қатты
сөйлегеннен дауыстары да қарлығып, дыбыстары
шықпауға айналған шақта бөксесі бес биенің
сабасындай болатын буфетші Соня оларды
кафенің ішінен желкелерінен бір-бір түйіп,
қуып шыққан. Тәлтіректеген күйінде бір-біріне
сүйенген екі алқаш үйді айнала беріп, түзге
тұрды. Бірақ бұл жер кафенің ауласы емес, көшеге
шығатын қабырғасы еді, ешкімнен именбей,
қабырғаға сүйенген күйі дәрет сындырып тұрған
екеуге жиіркене қараған жұрт айнала қашып, тез-
тез өтіп жатыр. Тек үсті-басы бітеу милицияның
мәшинесі ғана сыр етіп тоқтап, екеуін желкелеген
күйі торлы қорапқа тығып алып, жүріп кетті.
…Зоопарктегі қос бөлтірік іші біршама кең,
ұзынша торға екі бөлек салынған. Аң дармен
айналысатын Кәмила есімді келін шек Шыңғыс
Айтматовты көп оқыған жан ның бірі болу
керек, еркегін Тасшайнар, ұрғашысын Акбара
деп жаздырды. Үсті тұ тас, асты жартылай
тақтайлы, жарымдай тор лы, ал бергі беті
тұтас тормен қоршалған бұл кілетті зоопарк
басшылығы жақында ғана жасатқан. Төңірегінен
жас қарағайдың иісі шы ғып тұратыны содан.
Өзі жерден біршама биік етіліп, төрт тағанға
орнатылған.
Мұнда салған күні Тасшайнар тұра қашпақ
болып, тар қораптың ішін айналып, ұзақ
жүгірген. Бірақ қалай жүгірсе де қу тақтай мен
торлы темірге соғыла берген соң әлі бітіп, көзін
жалт-жұлт еткізіп ұзақ жатты. Біраздан соң атып
тұрып, барын салып тағы да зырлап көрді. Неге
ешнәрсе өзгермей, бәрі де сол, баяғы күйінде
қала бере тініне ақылы жетпей-ақ қойды. Бір кезек
әбден әлі біткенше шауып, басы айналып құлаған
да еді. Екі өкпесі өшіп, тілі салақтап, көзін ашса –
бәрібір сол, торлы темір мен қу тақтай… Мұндай
қорлыққа шыдай алмай, ырылдап, тістерін шы-
қыр латып, ашу да шақырып көрген, одан да қай-
ран болмады. Темір торды қауып, үзіп тастамақ
болып, ұзақ тістеледі. Бірақ оған қалың сым былқ
еткен жоқ. Іргені қопармақ болып, қалың тақ-
тайды тырналап еді, балаң тырнақтары қопара
алмай, сынып қалды. Ауырған жерін жалап,
амалы таусылып ұзақ жатқан.
Жат иісті бір әйел жылы сөйлеп, төбесіндегі
тақтайды сәл көтеріп, сүт қойып кетеді. Ол
келгенде ырылдап, бұрышқа тығыла қалатын
Тасшайнар әйелдің қарасы әбден үзілгенде
ғана итаяқтағы сүтті тез шалпылдатып, көзінің
астымен жан-жағына алақ-жұлақ қарап қойып,
жа лап-жұқтап қояды.
Алғашқы кезде итаяқтағы сүтке де жоламай
көрген, бірақ аштық шіркін шыдатпады, тәбет
жеңді. Итаяққа бір басып, екі басып ақырын
ғана жақындап көрсе, еш қауіп жоқ. Ішіндегі
иісі мұрынды жарған ақ сұйықтықты көргенде
шыдай алмай, шалпылдатып, асығып-үсігіп
тілімен қарпи бастаған. Содан бері оны бір-ақ
қотаратын болды.
Үш күннен кейін көрге де үйренедінің кері
Тасшайнардың да басына келген. Алғашында
барлық дыбыстан шошынып, селк ете қалып,
құныса түссе, қазір кейбір дыбысқа ырылдап,
ай бат шегіп, атылғысы келгендей қоразданып
қоя ды. Әсіресе, астындағы тордан жерге түскен
нәжіс пен зәрді тазалауға келетін боқтампаз
шал дың қолқаны жарған күлімсі иісі мұрнына
келгенде, баратын жер таппай ырылдап, апан ның
ішіне тығылады.
Бұл – Тасшайнарға таныс иіс. Апанда ұйлы-
ғып жатқанда анасынан айырып, желкесінен бү-
ріп алып тоғытқан кір қапшықтан да осындай иіс
шыққан. Тасшайнар сондықтан өзінің ата жауы
осы екен деп біледі. Одан хабары жоқ шал да бір
кәззап, мұны айналдырып, жұмысын бітірсе де
тез кетпей, ұзақ уақыт тұрып алады. Қалта сынан
бірдеңелер алып шығып, жұмсақ дауыс пен мұны
өзіне шақырған болады. Бірақ оған Тасшайнар
барушы ма еді, анасынан айырған жа ғымсыз
иіске барлық ызғарын шашып, ырылын күшейте
түседі. «Ах, ты моя злюка, ах, ты волчонок мой»,
деп күбірлеген шал әйтеуір кетіп тынады.
Кешке қарай шет жақтан күңгірт жарық түсіп
тұрады. Адам дыбысы білінбеген соң бір күні
Тасшайнар сол жаққа қарап ақырын ұлыды.
Аяғында тіпті дыбысын шығарып, үріп те көр ген.
О, ғажап, оған басқа жақтан жауап келді. Өзі нің
ұяласы Акбараның дауысын жаңылмай таныған
Тасшайнар қуанып кетіп, қайта-қайта ұлыған.
Неге екенін білмейді, басында екеуін екі бө лек
қамаған зоопарктегі қожайындар біршама уа-
қыттан соң екеуін бір кілетке тоғытты. Тасшайнар
сол күні осында келгелі алғаш рет қуа ныштың
не екенін сезініп, күні бойы Акбараға сүйкеніп,
жалап-жұқтап, оған қатты үйкелумен болды.
Өзінің бойы да, күші де Акбарадан артық екендігі
сезіліп тұр, бұл қатты үйкелей берсе алғашқы
уақытта қуанатын Акбара кейде ауырсынып,
құнысып та қалып жүреді.
Бұл қалада зоопарк жаңадан ашылғанымен
цирк көптен бері бар еді. Цирк директоры
Ақылбек Алдоңғаров жуырда ғана Белоруссиядан
тәжірибелі аң үйретуші шақырған. Зоопаркке
қасқырдың қос бөлтірігі алынғанын естіген ол
жаңадан келген аң үйретушіге соларды сатып
алып, үйретуді ұсынды. Өзі соншалықты қиын
жұмыс деп білмейтін бұл ұсыныстан Игорь Бовк
бірден бас тартты.
– Қасқырды үйрету өте қиын. Оған тым ұзақ
уақыт керек. Өйткені, оның ақыл-ес жүйесі бас-
қа аңдарға қарағанда анағұрлым күрделі, жоғары
дамыған, сондықтан ол барынша сақ. Үйреткен
нәрсені бірден ұққанымен қайталай бергенге
қатты күдіктеніп, жоқ жер ден ешнәрсеге зауқы
соқпай қалады. Қас қырға өзіңе қажеттіні
мәжбүрлеп жасату мүмкін емес. Мәжбүрлегенге
ол бірден ерегісіп қалады. Оның үстіне ол адамнан
күшті априори, оңай лықпен бағынбайды.
– Априори деген не сөз?
– Ол жан иесіне іштен туғанға дейін бері летін
білім десе болады. Жаңа туған жас бала мен
қасқырдың жаңа туған бөлтірігін салыс тыр саң,
екіншісі өмірге әлдеқайда епті болады. Өле тін
жерін де бірден болжап, сақтана бастайды. Адам
баласы ондайды санасы дами баста ғанда өмірлік
тәжірибе арқылы ғана біледі емес пе? Адамның
өмірге санасының қа лыптасуын апостериори деп
атайды. Бұл априориге қарсы лықтың егізі десе
боларлық сөз.
– Ой, Алла-ай, ондайды кім білген? Бәсе,
цирктерде басқа аңдар көп болғанымен қасқыр-
дың сирек болуының сондай мәнісі бар екен ғой.
Сонымен мына ұсынып отырған екі бөлтірікті
не істейміз? Бұрын қасқыр үйретіп көрмеген бе
едіңіз?
– Көргенмін, бірақ, айтып тұрмын ғой, оны
сахнаға шы ғарғанша өте көп уақыт керек. Сонша
көп уақыт беретін бол са ңыз, тырысып көрейін.
– Сонда қанша уақыт керек?
– Бөлтіріктер неше ай лық екен? – деді үйретуші
қарсы сұрақ беріп.
– Анығын қайдан білейін, бізге айтқаны 3-4
айлық болса керек…
– Олай болса кем дегенде 5-6 айдан кейін ғана
оларды аренаға шығаруға болады.
– Болсын. Қазір шаруа шы лық басшысымен
бірге зоопаркке барып, бөлтіріктерді алып
қайтыңыздар…
Сөйтіп, Тасшайнар мен Ак бараның цирктегі
жаңа өмірі басталды. Ерлі-зайыпты Игорь мен
Наталья Бовктер олардың сеніміне кіру жолында
ұзақ тер төкті. Алғашқы кезде екеуінен де
қауіп алып, құныса қалатын бөлтіріктер қазір
оларға әбден үйренген: келген деріне қуанып,
қатты сүйкеніп, беттерін де жалап, өліп-өшіп
қалады. Күннен-күнге денесі кү діс теніп, күші
көбейіп келе жатқан Тасшайнар дың «құшағы»
да қатты, ол Игорьдың арқасына жабысып,
қысып тұрып алатыны да бар. Әсіре се, бірнеше
күн көрмесе «сағынып» қалғандары сезіліп
тұрады. Үйретушілердің еркелеткен үн дері қатты
ұнайтын болса керек, Акбара мұн дайда тіпті
олардың үстерін былғап, қуаныштан дәретін де
жіберіп қояды. Игорь олардың алдында беделді
болуға тырысып, еркелетумен қатар айтқанын
да екі қылмай істетеді. Қасқырлар оны үйірдің
арланы деп ойлайтын болуы керек, айтқанынан
шықпай, көрсеткенін құр жібермей, әйтеуір талап
еткенінің бәрін орындап жүр.
Қазір қасқырлардың тұрағы әрі биік, әрі кең,
үлкен вольер. Тар кі леттен құтылып, кең дүние-
ге шық қанына екеуі де мәз болып, ұзақ жү-
гірген. Бұл жерде еркін тыныстап, көп қимыл
жасайтыны екеуіне де ұнайтын сияқты. Қапелімде
ұшып кірген торғай болса, екеуі де қуалап,
әбден қалжыратып, әйтеуір құлатпайынша бір
тынбайды. Ал аренадағы жаттығуға шығу тіпті
қызық. Бұл жерде Игорь мен Наталья да бірге
болып, өз дерімен бірге ойнайды. Дауысы қатты
шыға тын музыка мен көрермендердің жазылып
алын ған дабырынан Тасшайнар алғашқы кезде
қатты сескеніп еді, бірақ қасындағы Игорьдің
бұлтартпас талабы қорқынышын сейілтіп
тастаған. Одан әрі өзіне берілген тапсырманың
«қы зы ғына» беріледі. Бірақ оңай тапсырманы неге
қай та-қайта жасататынын түсінбей, кейде қажып
қа лады. Әйтеуір, айтқанын бұлжытпай істесе үй-
ретушілердің көмейлеріне тығып жіберетін бір
түйір бауыр мен жүректің дәмі ғана сілекейін
ағызып, тезірек соған жеткенді қалайды. Екеуі
үйретушілер көрсеткен жерге жатып, алдымен
«ән салуы» керек. Онысы, бастарын есік жаққа
қаратып, басқа бастастарын шақырып, ұлу. Сол
кезде аренаға ақ тоқты атып шығып, аренаны
айнала жүгіреді. Көлденең жатқан екеуінің
үстінен қарғып өтіп, жүгірісін жалғастыра береді.
Бұлар дың қасқыр деп шақырғаны қой болып және
ол бұлардан қорықпай үстерінен секіріп кеткені
кө рер мендерге қатты ұнайтын болса керек, бұлар
бауыр мен жүректі қылғытып жат қанда олар ұзақ
қол соғады. Осындай болмашы тапсырмаларды
орындау екі қасқырға да түк емес.
Тасшайнарға тамақ беретін Антонның қы лы ғы
ғана ұнамайды, ол кілеттің тесігін ашқан бо йы
етті лақтыра салып, оны тез жабуға тырысады.
Өзінен қорқатынын сезетін жыртқыш та оны
бір бөксергісі келіп, қызығып жүр. Тесікке жетіп
барғанымен анау алыстап кетіп, тістерін ақси-
тып, ырылдап қала береді. Бірақ түбінде бір
тиісетінін адам да, аң да біліп алған. Антонның
бұл қылығын бір күні көріп қалған Игорь жырт-
қышты ызаландырғаны үшін оған қатты ұрысты.
Содан бері Антон көрінбейді, оның орнына
Ермолай деген шал тұрыпты. Бұл Тасшайнардан
қорықпайды, әкелген етті вольерге кір гізіп, бір уақ
отыратыны да бар. Бірақ оның үстінен шығатын
жағымсыз иіс баяғы өзін салған дорбаны еске
салып, ол келгенде қасқыр бұрышта көзін жұмып
қойып, кектенген түрін жасырмай, отырып алады.
Акбара болса өзіне тиесілі етті қақшып алып,
сүйегін бытырлатып, шайнай бастайды.
Күндер осылай өтіп жатты. Тасшайнар бұл
уақытта дүрдей болып өсіп, нағыз арлан кейпіне
енген. Бірде… Мезгіл қыс ортасынан ауған шақ
еді. Біртекті, бірсарынды уақыт пен тірлік бір
күндерде Тасшайнарды сарыуайымшылдыққа
сала бастады. Үстіндегі жүні де түсіп, түлеген
жабағы түрін де аздырып жіберген. Көңілсіз
күйден бір кезек ол ұзақ ұлып, түн баласында
маза таппайтын жағдайда жетті. Вольердің ішіне
сыймай, шарқ ұрып бұрыш-бұрышын кезіп
кетеді. Кейде ашу шақырып, ұяласын да талап
тастайды. Оның мінезіндегі өзгерісті сезген
Игорь цирк бастығына оны ұйықтату арқылы
өлтіруді немесе ашық далаға, еркін дікке жіберуді
ұсынды. Бірақ «қасқырлар ойын көрсететін цирк»
деген көрерменді қы зықтырғыш лақаптан бас
тарта алмағандар оның ұсынысына мән бермеді.
Тіпті жаңа бағдарлама жасап, қасқырлардың
«қызығын» арттыра түсуді тапсырды. Бұл іске
қосымша ақша бөлінетіндігі Натальяны да
қызық ты рып, ол да Игорьдің қаупін сейілтуге
тырыс қан.
…Сол күні қасқырлар кезекті «өнер көр-
сетуге» шыққан. Тасшайнар түнімен ұлып, да-
мыл таппаған еді, сондықтан ба қимылы сыл быр.
Игорь оның көңіл-күйін дәл танып, дауысын
ызбарландыра шығарып қояды. Мі не, қасқырлар
қатар жата қалды. Аренаға жүгіріп шыққан ақ
тоқты алдымен Акбараны, сосын Тасшайнардың
үстінен секіре берген… Сол кезде қасқыр арс етіп
оны бүйірден қа уып алды. Бір-ақ сәттік көрініс.
Бүйірінен қан саулай жөнелген тоқты жаны
шыға ыш қына бақырып, аренадан тұра қашты.
Игорьдің ақыр ған дау сынан өзінің бірдеңені
қатты бүл діргенін сезген Тасшайнар жалы күдіре-
йіп бұға қалды. Көрермендер: «Ах!» деген ащы
дауыстарымен бірге іштен тынып қал ған.
Жұрттың бәрі абдырағанда бірінші болып есін
жинаған Игорь болды. Ол қасқырларға аре надан
шығуға команда беріп, өзі көрер мендерге бас иіп,
ілтипат білдірді де олардың соңынан Натальяны
ертіп жүгіре жөнелді. Сол сәтте ғана ес жиған
халық қатты қол со ғып жатты.
Осыдан кейін цирк басшылығы мен үй-
ретушілер Тасшайнардың болашақ тағдыры
туралы ұзақ таласты. Үйретілген қасқырдың
аяқ астынан мұндай оқыс «өнер» шығар ға нын
немен түсіндіруге болады дегенге бәрі де іс
ассистенттің шалалығынан болды дегенге сайды.
Қасқыр үйретушілердің жас ас систенті ешкіммен
ақылдаспай тоқтының мойнына «сәндік» үшін
шар байлап шығар ған екен. Ал ондайды жаттығу
кезінде көр меген Тасшайнар жаңа нәрседен
бірден қауіп ойлайтын дағдысымен «қатерге»
қарсы шық қаны сол десті. «Ондай-ондай ханның
қы зында да болады», дегенге сайған басшылық
Тасшайнарды әлі де пайдалануды қалаған еді.
Алайда жыртқыштың психологиясын жақсы
білетін
үйретуші
Тасшайнардың
бойына
қорқыныш енгенін және ол енді санадан гөрі
жабайы инстинктке бой ұра беретінін айтып
тұрып алды. «Қазір бұл қасқырдың ақылынан
гөрі жыртқыштың инстинкті басым тұр. Мен
оны бұрыннан да байқап жүр генмін. Оны
ұйықтату керек дегенім де сол еді. Бүгінгі оқиға,
одан кейін болған жаза лардың бәрі қосылып
оның жыртқыштық болмысын арттыра түсті.
Қазір құтылмасақ бұл аңнан бүгінгіден де ауыр
қауіп күтуге болады», деген Игорьдің бұлтартпас
сөздері ақыры жеңіп шығып, Тасшайнарды
орманға апарып еркіндікке жіберу туралы шешім
қабылданды.
…Тасшайнарды қамаған тар кілетті арт қан
жүк таситын ескі «Уазик» сар даланың икі-тикі
жолымен ыңылдап жүріп келеді. Қаладан кем
дегенде 50 шақырым әрі апарып, орманға қоя
беріңдер деген бұйрықты бұлжытпай орындауға
тырысқан шопыр мен шаруашылық басшысы
Сәркен спидометрге анда-санда көз салып
қояды.
Міне, межелі жерге де келіп, жүргін ші-
лер машинадан түсті. Бұл жер елді мекеннен
біршама қашық, қалың орманның шеті болатын.
Машинаның кузовындағы ауыр кілетті көтеріп
түсіруге ерінген жүргін ші лер бортты түсіріп,
оның есігін ашып еді, атып шығып, кең далаға
ата жөнелуге тиіс ті Тасшайнар оның бұры шына
барып ты ғылды. «Өй, мына сорлы, қайтеді, кет
бар, шық, деп кабинаға кіретін басқышқа шық-
қан екеу ұзын ағашпен оны түрткілеп жатыр.
Бірақ Тасшайнар түсер емес, керісін ше оларға
ырылдап, айбат шеге бастады.
– Мәшинені шұғыл қозғап жүріп ке тейік, сонда
құлаған кілеттен өзінен-өзі се кіріп түспей ме? –
деді завхоз.
Оның сөзін дұрыс санаған шопыр машинасын
күрт қозғап, жүріп кеткен еді, айт қанындай
Тасшайнар асты жылтыр кі леттен сыпырылып,
жерге түсіп қалды. Бірақ орманға, бостандыққа
қарай жүрудің орнына машинаның соңынан
жүгіріп, тоң қылдаққа кідірген оның кузовына
бір-ақ қарғып, қайтадан мініп алды.
– Өй, мына жазған қайтеді? Бар ор ма ныңа, бар,
– деген екеуі ақыры Тасшай нарды ұзын таяқпен
ұрып, зорға қуып жі берді. Бірақ біршама жерге
барып тоқ тап, арттарына қараған еді, түскен
жері нен тапжылмай, бұлардың соңынан аңы рап,
тұрып қалған қасқырды көрді.
– Ой, жазған-ай, туғалы еркіндік көрмеген
басы не істерін білмей тұр-ау, – деді көпті көрген
Сәркен.
– Нешауа, үйреніп кетеді, өзінің даласы ғой, –
деді шопыр…
Үш күннен кейін жергілікті газетке аш
болғаннан ауылға кіріп кеткен қасқыр туралы
оқыс оқиға жарияланды. Қасқыр ешкімге
шаппаған, тек қоқыс төгетін жерден өзіне нәпақа
таппақ болып жүрген екен. Ауылдың ит атаулысы
оған үріп, у-шу болып жатқанда мылтығы бар
бір аң шы оны атып салып, ел-жұрттың алғы сын
алыпты…
Жақсыбай САМРАТ.