Басталуы
|
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд шоу көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Джиксо» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2 деп санау арқылы, оқушыларды екі топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Джиксо әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.
|
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді
|
|