Оралхан Бөкей «Қар қызы», «Қайдасың қасқа құлыным»
Үйбей-ау, неғып аңырып қалдың, үйге кір, жарығым, – деген қоңыр үнмен есімді жидым (О.Б., 77-б.). Балталыдан келе жатқан мырзалар едік, ашыңыз, – деді сырттағы адам жайдары, қоңыр дауыспен ( 375-б.). –Көр нұрлы болсын, – деген қоңыр дауыс естілді (229-б.). Тамағын кенеп, біздер естісін дегендей майда қоңыр дауысын көтере сөйлегенімен, қапсағай денесін кең оралыммен қозғап, бетін Нүркей ақсақалға бұрды ( 40-б.).
Қоңыр үнмен, қоңыр дауыспен, майда қоңыр дауысын деген эпитет күнделікті өмірде жиі кездеседі. Адамның дауысы қарым-қатынас негізі үшін өте маңызды рөл атқарады. Үннің естілуі кейде жылылықты білдірсе, кей жағдайларда кері әсерін көрсетеді. Яғни, ол ашуланған адамның дауысын жеткізеді. Ал қоңыр үнмен, қоңыр дауыспен, майда қоңыр дауыспен сөйлеу дегеніміз байсалды да жағымды, жұртшылыққа салмақты естілетін үнмен сөйлеу болып табылады.