«Салпы етек, жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді. Тұнық біткен шаңырақты сабалап, қараша үйлер тозығы жеткендігін айтып, зар қақсап, сықыр-сықыр етеді. Бұрқырап түсе бастаған күзгі сары ала жапырақ ауыл қотанында жындай ойнақтайды. Қартайған, ескірген, күні өткеннің бәрі де зікір салып тұрғандай».
Осы мәтінді оқи отырып, ауылдың көрінісін тамашалайсыз.Автор ауылды суреттеу үшін түрлі көркемдеуіш құралдарды қолданған. Әр қайсысына өңін, түрін, түсін береді. Салпы етек, жылауық күз, гуілдеген желді күз, тұнық біткен шаңырақ, қараша үйлер, бұрқырап түсе бастаған күзгі сары ала жапырақ... Осы образды сөздер күзгі пейзажды құрап тұр.