Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


ІІІ Модуль. Тақырыбы: Қазіргі қазақ драматургиясы мен әдебиеттану ғылымы



бет21/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
ІІІ Модуль. Тақырыбы: Қазіргі қазақ драматургиясы мен әдебиеттану ғылымы.

13 лекция.




Тақырыбы: Тәуелсіздік кезеңіндегі драматургия жанры – 1 сағ.

13 апта
Қазақ прозасында 50-60 жылдары өнер тақырыбына оның ішінде ақындық өнерге ақындар тағдырына арналған бірнеше үлкенді-кішілі көркем шығармалар жарық көрді. Бұл аталған шығармалардың жалпы ортақ бағыты, ортақ тақырыптық ауқымы әр ғасырда өмір кешіп, өз халқына, өз ұлтына қайталанбас, аса құнды өнер туындыларын қалдырған ақын-жазушылар, әнші-композиторлар жайлы жазылғандығымен ерекшеленеді. Осындай өнерпаздардың қатарында классик қаламгеріміз Сәкен Сейфуллиннің өмір-тағдыры бірнеше прозалық, поэзиялық, мемуарлық шығармалардың арқауына негіз болды.
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі бастау алған біраз игілікті жаңалықтардың кезеңі болып есептелетін 60-жылдардың ішінде дүниеге келген, среткер-қаламгер Ғ.Мүсірепов пен көрнекті Т.Әлімқұловтың прозалық туындылары да сол тұста Сәкен Сейфуллин жайлы жазылған шығармалардың бел ортасында оқырман назарын бірден өзіне аударғанын аңғарамыз. Сәкен тұлғасын тосын, жаңашыл қырынан тартымды толғаған екі қаламгер де ең алдымен қайраткер, тұлпар, сұңқар ақынның жан дүниесіне терең бойлауды мақсат етті. Ішкі жан сұлулығымен, ішкі рухани дүниесімен терең танылатын кейіпкер ретінде дараланған, мінез болмысының барлық қыр-сырымен жарқырап көрінетін кесек тұлғалы ақынның образын екі қаламгер де өзіндік суреткерлік жолмен, өзіндік қаламгерлік әдіс-тәсілдер арқылы сомдады.
Ғ.Мүсіреповтың атақты «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі Сәкен тұлғасы ақын образы көбінесе авторлық баяндау, астарлы психологиялық талдау әдісі немесе нақты іс әрекеттері арқылы танылып отырса, ал Т.Әлімқұлов «Ел мен жер» романы мен «Көкейкесті» әңгімесінде Сәкен бейнесін негізінен нәзік жанды ақынның ішкі көңіл-күйін, сезім толқындарын суреттеу арқылы ашады.
Осындай екі түрлі, екі бағыттағы көркемдік әдіске табан тіреген қаламгерлер ізденісі түптеп келгенде бір мақсатты, бір нысананы көздейді. Ол мақсат – Сәкен сияқты көп қатпарлы, қиын да қайшылықты тағдырды бастан өткерген жанның ішкі көңіл-күйін жүрек қалауын, адамгершілік қасиеттерін терең аша отырып, сол заманның сол кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық шындығына бойлау. Бұл тұста анық көзге түсетін екі қаламгерге ортақ арналар алдыңғы арнаға шығады. Екі қаламгер де сәкен тағдырындағы, Сәкен өмірбаянындағы ең бір күрделі, тартысты тұсындағы тарихи деректерге арқа сүйей отырып, соларды өзіндік қолтағабамен, дара стильде суреттеп бере алған.
Ғабит Мүсіреповтің өзі поэма деп ат қойған туындысындағы бірден көзге түсітен ерекшеліктерді шығарманың жазылу стилінен, жанрлық-поэтикалық жаңалығынан және қаламгердің қайталанбас құнарлы тілінен бірден аңғарамыз.

14 лекция.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет